Әкем, шешем және мен, Болашаққа сенем мен

Тақырыбы: «Әкем, шешем және мен, Болашаққа сенем мен»
Қатысушы:    2 сынып оқушылары мен  ата — аналары

Мақсаты:  Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Түрі:  отбасылық спорттық сайыс

Құрал – жабдықтары:  доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон қалақтары.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Негізгі бөлім.

— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі оқушылар мен   ата-аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, шешем және мен, Болашаққа сенем мен » атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!  Олай болса мектебіміздің басшысы Жұмагельдиева Гулдариха Жаппарқұлқызына сөз кезегін берейік.

Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалытастыру.

А. С. Макаренко «Ата- анаға арналған кітабында»… «Бала тәрбиесінде сіздің іс- қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады. Отбасында орныққан қарым- қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата- анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді» деген. Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата- баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінмен  сабақтастыру болып табылады. Сондай –ақ бүгінгі сайысымыздың да бір мақсаты мектеп, ата-ана, оқушы қарым –қатынасын жандандыру.Ата-ана баласы үшін жанын қиюға да бар. Міне, бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған ата-аналарымызға мың алғыс және мың қошемет!

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай ортада Абилова Аруай қызымызды «Әйел бақыты» әнімен қарсы алайық.

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда.

Спорт сенің серігің-

Жанға дауа, қолға күш.

Сергітетін адамды-

Қимыл менен қозғалыс –дей отырып     Міне, бүгінгі  отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.  Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына  сәт сапар тілейміз!

 

2 «А» сынып

Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Барыс»тобын шақырамыз.
2 «Б» сынып

Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын — деп ортаға «                      »тобын шақырамыз
2 «В» сынып

Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Самға» тобын

 

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1.

2.

3.

Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
І кезең: «Таныстыру»               (Топты таныстыру, ұраны)
ІІ кезең: «Кеңгуру» сайысы ( допты екі аяқтың ортасына қысып барып, жүгіріп келу)
ІІІ кезең: «Кім жылдам?» сайысы    (Допты жоғарыдан беру және төменнен беру)

IV кезең: «Із кесуші »

\Адам іздерінен шығып кетпей жүріп отіп, дарцты көздеу\
V кезең: «Теңге алу»
VI кезең: Секіртпемен жүгіру \Үйдің суретін  салу\

Сайыс соңында  әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың бірінші бөлімі «Таныстыру»

 

Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.- деп келесі екінші бөлімге көшеміз
«Кеңгуру» сайысы
Шарты. ( допты екі аяқтың ортасына қысып барып, жүгіріп келу)

Спорт көркі өмірдің, спорт досың серігің — деп
Сайысымыздың 3 бөліміне көшейік «Кім жылдам?»
Шарты: Допты жоғарыдан беру және төменнен беру.

 

Сайысымыздың 4 бөлімі «Із кесуші »
Шарты: \Адам іздерінен шығып кетпей жүріп отіп, дарцты көздеу\

Топтар міне отыр сынға түскелі
Сыналмақшы ептілікпен күштері, олай болса

Болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз –деп Абай атамыз айтқандай Ерасыл ұлдарыңыз  өзінің өмірдегі әнші ағасының «Мен қазақпын» әніне арнаған пародиясымен қарсы алайық.
5 кезең «Теңге алу» \ атпен шауып барып, ауызбен асық алу\

Спорт десе таза біздің арымыз
Жалындайды жанымыз
Олай болса 6 – кезең  «Секіртпемен жүгіру»   \Үйдің суретін  салу\

Би: «Спорт» 2 «а» сынып қыздары

Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады — демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды
шығарып жеңімпаздарды анықтау үшін, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп — көп рахмет. Келесі кездескенше.

«Толағай» әні орындалады.