Адам жақсы ісімен көрікті

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Жаңажол орта жалпы білім беретін

Мерзiм: ________________    12 сабақ

Тақырып:  Адам жақсы ісімен көрікті

Құндылық:  Сүйіспеншілік

Қасиеттер:   адалдық, сыйластық,ізгілік

Мұғалiм:  Батырғалиева Г.Ғ.   Сынып:   2         Оқушылар саны: 21

 

Сабақ мақсаты: отбасындағы ізгі қарым-қатынас  туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-отбасындағы ізгі қарым-қатынасты жасауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып адалдықты ұғындыру;

— сыйластық қасиеттерін дамыту;

-ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, дәптер, үнтаспа,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

 «5-Т»-ны қайталау

1) Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

2) Үй тапсырмасы:

12сабақ «Аурудан аяған күштірек»

-Сейіт неліктен ауруды сезінбеді?

-Сейіттің бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер бар?

-Өздерің жақындарыңды қиналтып, уайымдатпау үшін не істей аласыңдар?

Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз: 

  «Жақсы сөз – жарым ырыс»
Халық мақалы

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
4.Мұғалім сыйы:

«Жақсылық пен жамандық» ертегісі

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

3,4-тапсырма

«Жақсылық жасай білейік» 

Мақал-мәтелдерді жалғастыр:

1.Жаманмен салысып,  …..болмайсың.                   (жақсы)

2.Жаманға оқ өтсе де — …..өтпейді.            (сөз)

3.Жақсылық — …..тұрмайды,                      (ұзақ)

Жамандық — әркез тозбайды.

4.Жақсы — жаны …..тыңдайды.                 (еріп)

5.Жақсының — …..ашық.                           (жолы)

6.Жақсылыққа жақсылық — …кісінің ісі,жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі  әр

7.Жақсыда …..жоқ.                                      (жаттық)

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
6. Топпен ән айту.

«Бала тілегі»  әнін айту

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
7. Үй тапсырмасы

13-сабақ  «Ғажайып адам» ертегісін оқып келу

Күнделіктеріне  жазады.
8. Соңғы тыныштық сәті.

Оқушылар аяқ қолдарымызды айқастырмай, денемізді тіке ұстап отырайық.Бүгінгі сабақтан алған жағымды әсерлерімізді өзіміздің ойымызға сақтап, жүрегімізге түйіп алайық.-Балалар,тыныштық  сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.