Болу – болып көріну емес

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жаңажол орта жалпы білім беретін

Мерзiм: ________________    11  сабақ

Сабақтың тақырыбы: Болу – болып көріну емес

Құндылық:   Дұрыс әрекет   

Қасиеттер: әдептілік, адалдақ, сабырлылық

Мұғалiм:  Батырғалиева Г.Ғ.   Сынып:   5        Оқушылар саны: 21

 

Сабақтың мақсаты: оқушыларға адамның ойы, сөзі,ісі бірлікте болуы керектігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға уәдеге берік болудың мәнін  түсіндіре отырып, жауапкершілік қасиеті туралы түсінік беру.

оқушылардың ойының, сөзінің, іс-әрекетінің таза және бір болуын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін дамыту.

-оқушыларды ізгілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу

Ресурстар:оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

 

І. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

2)Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптермен жұмыс

 
3.Дәйексөз

«Адамды айтқан сөзінен емес, істеген ісінен таниды»

Нақыл сөз

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
4.Әңгімелеу

Әбен Нұрманов «Уәде туралы»

-Әкесі мен анасы Әбенге уәде беру дегенді қалай түсіндірді?

-Уәдесіне берік адамның бойында қандай қасиеттер болады?

-Уәде бермес бұрын неліктен ойлану қажет?

-Сөз бен істің бірлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өзің берген уәдеңді қалай орындап жүрсің?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
5.Шығармашылық жұмыс: 

1-тапсырма: жағдаятқа жауап беру

2-тапсырма:  ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын адамға

сипаттама жазу

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
6.Топпен ән айту:«Жас Ұлан» әнін айту

Өлеңі мен әнін жазған: Ғ.Жандыбаев

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
7.Үй тапсырмасы:

12-сабақ.  «Отты жүрек»

Күнделіктеріне  жазады.
8.Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

— Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.