Ата баба дәстүрі — әдептілік негізі

Күні:

Тақырыбы: «Ата баба дәстүрі — әдептілік негізі»

Мақсаты: Ата-бабамыздың, ұлтымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, қасиетін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар-ожданы бар жастар тәрбиелеу.

Барысы:

  1. Кіріспе сөз

Жүргізуші: Менің әлі күнге дейін есімде, кішкене кезімізде әр көктем сайын қарт аталарымыз ауылға ойын баласын тегіс жинайтын. Олар естияр  жігіт – желеңді бас етіп  бұлақтардың көзін ашуға  жіберуші еді.Сол ата-әжелеріміз  «Бұлақтың көзін ашу – Меккге сапар шеккендей қасиетті сауабы үлкен деуші еді. Су бар жерде тіршілік бар, су мол болса астықта , шөп те, гүл де жайқалып өсіп, адамдар мен жан-жануарлар тоқ болады, тоқ болса бір-біріне қастандық жасамай бейбіт жүреді. Бастаудың көзін ашсаңдар өмір тіршіліктің  көзін ашқандарың » дейтін.

Жүргізуші: Ия, рас айтасың біздің ата-әжелеріміз нағыз данышпан ғой, ата-бабалар ұлағатын  осы күнге дейін сақтаған.  Ал қазір біздің көкейге түйетініміз қандай бұлақ жайлы деп ойлайсын?

Жүргізуші: «Таза бұлақ» көрінісі.

Жүргізуші: Қазақ халқы табиғатқа табына  жүріп талғам алыпты табиғатты өзінің өмірін сақтаушы кие тұтыпты., тіршіліктің мәні мен сәні ретінде ардақтапты.

1-жүргізуші: Иә, дәл солай әрбір халықтың дүние танымы сол халықтың өмір өзегінен, тұрмыс тіршілігінен туындаған.  Табиғаттың алып тұлғасын оның ғаламат күші мен керемет көркіне, жан-жануарлармен  өсімдіктердің  жаратылыс бітіміне таңданбау, қызықпау мүмкінбе? Табиғат анадан бізді бөліп әкеткен сол сенімсіздік дерті шығар, табиғаттың бермесін тартып аламыз, жерді де, көкті де  бағындырамыз деп  астамшылық жасап, өзімізге қажетті бұзып жарып алуға дағдыландық. Соның нәтижесінде табиғаттың  тепе-теңдік заңдылықтары бұзылып адам мен жаратылыстың арасында көзге көрінбейтін, көзге көрінетін байланыстар әлсіреп, үзілуге шақ қалған.

2-жүргізуші: Біздің ата-бабаларымыздың неменеге сеніп, неменеге сыйынғанын содан келіп  қалыптасқан ұлттық таным-наным, салт-дәстүр, әдет – ғұрыптардың мән – мағынасына, астарына көбірек көңіл бөле қарасақ, халықтық тәрбиенің үлгілі өнегесін көрер едік. Енді солардың қалдырған аманатын тыңдайық. «Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары».

1-жүргізуші: Мінеки, желмаясына мініп  жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыздан бастап, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Абай сынды ұлылардың жазып кеткен дала заңы десекте болады.

2-жүргізуші: Рас айтасың еліміздің тәуелсіздік  алуымен бірге сенім бостандығы  қайта оралғандай  болды.  Дінге жол ашылды. Бұрын атын айтуға қорқатын ата-бабаларымыздың аруағын қастерлеп  емін-еркін ас беріп, торқалы тойларын тойлап, рухымыз көтеріліп жатыр. Көзден бұл-бұл ұшқан ата-дәстүрімізді жаңғыртар иманды ұрпақ  өсіп келеді. Ұлы Абай айтпақшы: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, болмас буын керек» дейді.  Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын  сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы тыңдайық.

Кісілік – қазақ ұжымына адамгершілік ұжымымен астарлас келетін моральдік атаулардың бірегейі – кісілік ұғымы. Кісілік — өмір барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс-әрекеттер мен мінез-құлқының азаматтық ар-ожданы. Халқымыз: «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, Адам болмаса баланың кісіменен несі бар», — деп тәрбиелі адамның үлгі — өнегесінен  жоғары бағалап, жастарға «жарлы болсаң да арлы бол» деп талап қойған. Қазақ дәстүрі бойынша үлкенді сыйлау, құрметтеу, үлкен кісінің  алдынан қия өтпеу, оған сәлем беру, төрден орын беріп құрметтеу, көңіліне қарау кісіліктің нағыз белгісі.

Отансүйгіштік — әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, М.Әуезов: «Отан анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ» десе, В.А Сухомолинский: «Отан  — өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме» дейді.

Мақсаткерлік – бұл адамның өз мінез – құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарын танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындырына алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С. Тургенов.

Ақылдылық —  бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. «Ақылды адамға екі дүниеде жол ашық» деген. Ж. Баласағұн.  Қазақ  мақал – мәтелдерінде де «Ақылдан кісі озбайды», «Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді», «Ақылды айттырмай біледі» деп ерекше мән берген.

Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй – іші, тума – туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.

Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын ойластыру жатады. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады.