Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты

Сабақтың тақырыбы: «Тоқырау жылдарының идеологиясы және КОКП-ның ұлттық саясаты»

Күні:

Мақсаты:

Білімділік: Ұлттарды қосу саясатының идеялық негізін түсіндіру.

Қазақстандағы ұлт саясатының мәнін ашу, «Жас тұлпар» ұйымы және оның қызметі және Ақмола оқиғалары туралы баяндау;

Дамытушылық:Тоқырау жылдарындағы КСРО-дағы ұлт  мәселелерінің шешілуі барысына назар аудара отырып, оқушылардың қоғам дамуы туралы ойын өрістету;

Тәрбиелік: Ұлттық-отаншылдық тәрбие беру

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: баяндау, СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, портреттер

 

С А Б А Қ Т Ы Ң   Б А Р Ы С Ы:

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып ұжымының назарын сабаққа

аударып, тілек тілеу

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру/ «Миға шабуыл»

  1. Тоқырау жылдарының тарихи шеңбері?
  2. Кемелденген социализм дегеніміз не?
  3. Жоғарғы Кеңестің қызметі?
  4. КОКП – қандай ұйым?
  5. «Өтті дәурен осылай» кітабының авторы кім?
  6. Ширек ғасыр елімізді басқарған басшы туралы не білесіздер?
  7. Қазақ КСР-нің жаңа Конституциясы қашан қабылданды?

Мағынаны тану

Жоспар:

  • Ұлттарды қосу саясатының идеологиялық негізделуі
  • Ұлт зиялыларының наразылығы
  • Целиноград оқиғалары

 

Негізгі оқиғалар:

«Ұлт мәселесі толық және түпкілікті шешілді»

«Халықтардың мызғымас достығы»

«Ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы мен бірігіп кетуі»

Коммунистік әкімшілік тезистері

1960жж – ҒТР-дің КСРО-ға енгізілуі

1960жж – Мәскеуде оқитын қазақ жастары «Жас тұлпар» атты ұлттық-демократиялық бейресми ұйымын құрды.

Ұымдастырушысы – М.Әуезов.

Оған А.Қадыржанов, Б.Тайжанов көмектесті

 

Қарағандыда «Жас қазақ»             Семейде «Тайшұбар»

 

 

1970жж – «Жас тұлпар» ықпалымен «Гүлдер», «Дос-Мұқасан»,

«Айгүл» ансамбльдері құрылды

1975ж – О.Сүлейменовтің «Аз и Я» атты тарихи-лингвистикалық талдау

кітабы жарық көрді. «Игорь жасағы туралы жырды» талдай

келіп, «бұл шығарма славяндық және түркілік этностық әлем

шекарасында дүниеге келген және онда екі көрші мәдениеттің

шындықтары көрініс тапқан» деген қорытындыға келді.

М.Суслов басшылығымен кітап тауар айналымынан алынды

1979ж көктем – КОКП  ОК Қазақстан аумағында неміс автономиялық

облысын құру жөнінде шешім қабылдады

А.Коркин басшылығымен жүзеге асырылды

Болашақ әкімшілік орталығы  — Ерейментау қаласы(Павлодар,

Қарағанды, Көкшетау, Ақмола шекарасы)

1979ж 16 маусым – Целиноградтағы Неміс автономиясына қарсылық

митингісі ұйымдастырылды

«Қазақстан бөлінбейді», «Неміс  автономиясына жол жоқ!»

1979ж 19 маусым – Облыс басшыларының автономия

құрылмайтындығы туралы мәлімдемесі жарияланды

 

Ойтолғаныс

3 түрлі түсіндірмелі күнделік толтыру

Не қызықтырды?              Неге қызықтырды?                Сұрақ қою

 

 

 

Пысықтау сұрақтары:

  • «Жас тұлпар» ұйымының қызметі, қозғаған мәселесі?
  • Олжас Сүлейменовтың 1975 жылы жарық көрген шығармасы кеңес басшылығына неліктен ұнамады?
  • Ақмола оқиғаларының мәні неде?
  • 1979 жылғы Целиноград оқиғаларына қандай баға беруге болады?

 

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма беру:§ 24 оқу