Ертегілер сабақ жоспары

                 «Мақтақыз бен мысық»

 

Баяғыда Мақтақыз болыпты. Мақтақыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.

 Мақтақыз-  Айбибі :

— Келмесең келме!- деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келеді.

Мысық- Рамазан :

-Неге шақырдың?- деп сұрайды.

Мақтақыз айтпайды. Сонан соң мысық:

Ендеше қатығыңды төгем!-дейді.

Мақтақыз-  Айбибі:

-Мен құйрығыңды кесіп аламын!- дейді.

Мысық қатықты төгеді. Мақтақыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық-  Рамазан:

-Апа, апа, құйрығымды берші!-дейді.

Мақтақыз- Айбибі:

-Менің қатығымды төле!-дейді.

Мысық сиырға барады.

-Сиыр, маған қатық берші!-дейді.

Сиыр- Ажар:

-Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші!-дейді.

Мысық ағашқа барып:

-Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!-дейді.

Ағаш- Ақтолқын:

-Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін,-дейді.

Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

-Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші!-дейді.

Қыздар- Ару, Шәрбат:

-Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз,-дейді.

Мысық дүкенге барады.

-Әй, дүкенші, маған сағыз берші!-дейді.

Дүкенші- Сырым:

-Маған жұмыртқа бер!-дейді.

Мысық тауыққа барады.

-Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші!-дейді.

Тауық- Ұлдай:

-Тары әкеліп берсең, мен саған жұмыртқа беремін,-дейді.

Мысық «Енді не қыламын?»-деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

-Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар?-дейді.

Тышқан- Лаура:

-Үйімде бір табақ тары бар,-дейді.

Мысық- Рамазан:

-Маған бір уыс тары бер, -дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты Мақтақызға береді, Мақтақыз мысықтың құйрығын береді.

 

Ертегі кейіпкерлері:

 

Жеңісбек Айбибі – Мақтақыз,

Уәлихан Рамазан – мысық,

Түгелбай Ажар – сиыр,

Күбірбай Ақтолқын – ағаш,

Айболат Ару, Батырғожа Шәрбат – қыздар,

Мәдениет Сырым – дүкенші,

Ербола Ұлдай – тауық,

Қибатқали Лаура – тышқан.

 

 

 

Тақырыбы: «Ханталапай»

Мақсаты:

-Қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардың интеллектуалдық тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамыту.

-Патриоттық сезімдерін және Отанға деген, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

-Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру.

Жүрісі:

І. Ұйымдастыру

Армысыңдар құрметті ұстаздар мен балалар! Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Ханталапай» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!

-Ал, енді балалар бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық!

Шаттық шеңбері:

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керілер.

Уықтары шаншылып,

Өрімдей боп өрілер.

Қол ұстассақайнала,

Киіз үй болып көрінер.

Тәрбиеші:

-Балалар, біз қай жерде тұрмыз? (киіз үйде)

-Киіз үйімізден нелерді көріп тұрмыз? (домбыра,қамшы,сандық,көрпе,алаша)

-Жарайсыңдар,ал менің қолымдағы не? (қоржын)

-Дұрыс айтасыңдар,қоржын. Ал енді бұл қоржынның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Асық, көп асық.

-Алдымен біз жайғасып отырып алайық.

(Балалар көрпеге жайғасып отырады.)

-Мұнда көп асықтар бар. Сендер асықпен ойналатын қандай ойын түрлерін блесіңдер?

— «Асық ату» , «Ханталапай»

— мен сендерге «Ханталапай» ойынының ережесімен таныстырайын.

Ойын ережесі:

Оынды жүргізуші педагог ойынды бастар алдында «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалармен бірге қайталап, қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады.

Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы түскен бала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмаған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Тапсырмаға дұрыс жауап берсе, бала келесі асықты атады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.Қортындысында өзінің ептілігімен, тапқырлығымен, білңмңмен көп асық жинаған балаларға «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары беріледі.

Ендеше көп отырмай «Ханталапай» ойынымызды бастайық.

 

-Тамаша! Ендеше мен сендерді «Ханталапай» ойынын ойнауға шақырамын. — — Ойын ойнауға дайынбыз ба?

-Дайынбыз.

Тапсырма сұрақтары:

Елбасымыз кім? –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Біздің қазақ елі екенімізді танытатын рәміздерді ата?- Әнұран, ту, елтаңба.

Біздің ұлттық аспаптарды ата?- домбыра, қобыз, баян,

Қазақ ұлттық ойын түрлерін ата?-

Туымыздың түсі қандай?- көк.

Қорытынды:

Қатысушылар марапатталды.

«Мерген бала» номинациясы – Рамазан

«Зерек бала»  номинациясы –  Исабек

«Алғыр бала» номинациясы —  Айбар