Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»

 

Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»

 

Балалар залға музыкамен кіреді.

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Құрметті, ата-аналар, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан доңыз жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін. «Келді міне, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алып маңайын.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Балалардың тақпағы

(барлығы отырады)

Жүргізуші: Балалар, мен қардың сылдырын естіп тұрмын (залға әндетіп Ақшақар кіреді) шырша түбіндегі қоянды көреді.

Ақшақар:Қандай тамаша безендірілген,балалар қандай әдемі болып киінген,жаңа жыл мерекесі құтты болсын,ит неге жылап отырсын?

Ит: Бәрі-бәрі жақсы-ау, бірақ біздің әсем шыршамыз жарқырамай тұр, мұз болып қатып қалған, біз әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз.

Қоян: Қар ханшайымы біздің әсем шыршамызды өз сарайына апарып , мұзғып қатырып тастапты. Әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз..

Ақшақар: Олай болса, менің көңілімді көтеріңдер.

Жүргізуші: Балалар, әсем шыршамызды жарқырау  үшін Ақшақарға арнап би билеп берейік.

Би: «Шырша»

Ақшақар: Көңілімді көтеріп тастадыңдар, рахмет сендерге, балалар, әсем де көрікті шыршаларыңызды жандырып берейін.Шырша шамы жан,жан

Балалар: Алақай!

Ақшақар:Балалар енді мен Аяз атаға көмектесіп келейін сыйлықтарын көтере алмай жатқан шығар.

Жүргізуші:Балалар жаңа осы жерде ескі жыл жур едиго қане ортаға шақырайық қоштасқысы келмей қамығып журген болар.

Ескі жыл: Бүгіннен ертең ғаламат, алдыңғы сапта боларсың.

Келер жыл саған аманат,

Қош сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық,

Ескі жылдай ата бар.

Оны ортаға алып біз,

Қоштаса билеп қалайық

Би: « Ақшақарлар вальсі»

Жүргізуші: Алақай, алақай, жаңа жыл келді, қарсы алайық. (Осы кезде жаңа жыл кіреді)

Жүргізуші: Жаңа жыл жаңа күннен басталады,

Ашылып келешектің төс қаламы.

Билігін ескі жылдың қолынан алып,

Жаңа жыл одан әрі басқарылады.

Жаңа жыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Қалдарын қалай сендерге келе жатып қарларымды шашып алдым маған көмектесесіңдерме. Рахмет, балалар,өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер,Мені бөтенсітпей қарсы алғандарына рахмет 365 күн бірге боламыз. Айтпақшы, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па? Осылай қарай кетіп еді.

Жүргізуші: Жоқ, бізге Аяз-ата келген жоқ. Ал біз, жаңа жылымызды ортаға алып, ән шырқайық. Аяз ата дауысымызды естіп, тез келсін.

Ән: «Шырша жыры»  балалар шыршадан айналады.Аяз ата ау-ауу

Аяз ата:Салеметсіңдерме балалар жаңа жыл құтты болсын.

Жүргізуші: Ой балалар шыршамыз тағы жаңбай қалыпты енді не істейміз.Ата-аналар, көмектесіңдер! Шыршаны қалай жағамыз! Енді не істейміз?

Ақшақар: Мен таптым! Ата-аналар сіздер  шырша,жаңа жыл туралы ән айтыныздар.

Шырша: Дұрыс айтасыздар! Ал, енді  бір жаңа жыл әнін айтамыз. Дайынсыздар ма?

Ән: «Маленькая елочка» (ата-аналармен бірге)

Жүргізуші: Ақшақар, сен қандай жақсысын! Балалар, бәріміз бірге қосылып Ақшақар, ата-аналарымызға рахмет айтайықшы!

Балалар: Рахмет! (Орындарына барып отырады)

Жүргізуші: Ақшақар, Біздің шырша өшіп қалды,

— Қармен қармен,

— Аппақ, аппақ,

— Ақ күмістей, ақ күмістей,

— Бұрышына дейін шыттың, күмістен біз шашамыз,

— Сиқырлаймыз, сиқырлаймыз.

— Кілтке, кілтке

— Айналдырамыз, айналдырамыз.

Жүргізуші: Балалар, кез-келгеніміз зұлымдықты бимен, ойынмен және әнмен аламыз! Олай болса қане, көңілденейік!

Өлең айтып, би билеп,

Көңілденіп жүреміз!

Қане ұлдар, қане, қыздар,

Би билейміз бәріміз!

Би: «Санта»

Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар!

Аяз ата: Міне, жаңа жылға арналған мерекелеріңіз өте тамаша өтті,рахмет балалар енді менің кетуім керек.Қош сау болыңдар! Барлықтарына көңіл күйлерің жақсы болуын тілеймін.

Ақшақар: Балалар, барлықтарыңа денсаулық тілеймін, ешқандай қиыншылық көрмей өсе беріңдер! Ал, енді біз Аяз атамен бірге, бір жылдан кейін кездесеміз.

Барлық мерекеге қатысқан кейіпкерлер балалармен қоштасып, шығып кетеді. Тәрбиеші балаларды, ата-аналарды жаңа-жылдарымен құттықтайды

Қандай жақсы біздің Аяз атамыз,

Ол кеткен соң, ойға батамыз.

Аппақ қар боп, қалықтаймыз аспанда,

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

 

Жаңа жыл келді міне жерімізге,

Әкеліп құт -береке елімізге,

Қиындық жолатпасын бәрімізге!

Осымен «Айжұлдыз» тобының ертенгілік кеші аяқталды қош сау болыңыздар!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын жаңа жыл бақыт, қуаныш,береке әкелсін.