Елтұтқа елбасы туралы шығарма

Елтұтқа

 

Туған халқын бар болмыс-бітімімен сүйе білген, елінің болашаққа сеніммен қадам басуына ықпал еткен елтұтқасы, ұлы дала ұланы- Нұрсұлтан.

Еліміздің тәуелсіздік алуы, Қазақстанның дамуы және қалыптасуы оның есімімен тығыз байланысты. Халқымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді. Күрделі істі Елбасшымыз сындарлы саясаттың, көреген көсемдігінің арқасында жеңе білді. Бұл орайдағы қызметі жемісті де табысты болды. Тағдыр оған өз халқының мүддесін қорғауды жүктеді.

Бүгінде Ата заңымыз қабылданып, теңгеміз айналымға енді. Ғарышкерлеріміз ғарышқа ұшты. Біріккен ұлттар ұйымына мүше болдық. Астанамыз қарыштап дамуда. Әнұранымен айбарлы, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, көпұлтты еліміз тату-тәтті ғұмыр кешуде. Әлеуметтік, саяси, экономикалық дамуларда табыстарға қол жеткіздік. Мұның бәрі ұлт тарихындағы жаңа дәуірдің жанды бейнесі Елбасымыздың арқасы деп білемін.

Елбасы жыл сайын өзінің кезекті жолдауын жолдайды. Бұл халық тарапынан қолдауға ие. Біз ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын арттыруда, «елім, жерім» дейтін ұрпақ тәрбиелеуде ерен еңбек етудеміз.  Мемлекет басшымыздың қолдауының арқасында жалақымыз көтерілуде, ұстаздар еңбегі еленуде.

Еліміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған халқымыздың көсемі-  Елбасы еңбегі елімізге жемісті де жеңісті болды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» — деген нақыл дәл мемлекет басшымызға айтылғандай. Ізгі қасиеттерімен, сарабдал саясаттарымен алпауыт мемлекеттерге елімізді танытқан Президентімізге толағай табыстар тілейміз.