Психологиялық қызметтің міндеттері, жұмыс бағыттары  және оны жүзеге асыру формалары

Психологиялық қызметтің міндеттері, жұмыс бағыттары  және оны жүзеге асыру формалары

 

Балалармен жұмыс істеудегі психологтың  міндеттері:

  • Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу;
  • Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;
  • Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;
  • Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;
  • Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;
  • Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;
  • Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;
  • Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.

Мектептегі қосымша міндеттер:

  • Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;
  • Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

  • Балаларды диагностикалау;
  • Балалардың дамуын түзету;
  • Балалардың ауытқуын алдын алу;
  • Балалармен дамыту жұмыстары;
  • Балаларға кеңес беру;
  • Балаларға ағарту жұмысын жасау.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

  • Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар — диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.
  • Топпен және кіші топпен жұмыстар – психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.
  • Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.

 

Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың  міндеттері:

  • Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру;
  • Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;
  • Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;
  • Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

  • Ата-аналарды диагностикалау;
  • Ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу;
  • Ата-аналарға кеңес беру;
  • Ата-аналарға ағарту жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

  • Ата-аналармен жеке жұмыстар — диагностикалау, кеңес беру.
  • Топтық жұмыстар — психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы.
  • Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы.

Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:

  • Педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету;
  • Педагог пен бала қарым-қатынасындағы педагогикалық стильді оңтайландыру;
  • Баланың тұлғалық өсуіндегі  дара ерекшелікті анықтау.

Психологиялық жұмыстың бағыттары:

  • Педагогикалық ұжымды диагностикалау;
  • Педагогикалық ұжыммен дамыту жұмыстарын жасау;
  • Педагогикалық ұжымға кеңес беру;
  • Педагогикалық ұжымға ағарту жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың оңтайлы формалары:

  • Педагогтармен жеке жұмыс – диагностикалау, кеңес беру, сабақтарға қатысу және оны талдау.
  • Топтық жұмыс – психологиялық тренингтер, семинарлар.
  • Педагогпен және әкімшілікпен бірлескен жұмыс.
  • Білім мекемесі жағдайында жасалатын психологиялық жұмыстың екі формасын жүргізу, яғни психологиялық – педагогикалық консилиум ұйымдастыру және педагогикалық кеңеске мәселені қою.