Ядролық реакция. Уран ядроларының бөлінуі. Тізбекті реакция

Сабақтың тақырыбы:  Ядролық реакция.  Уран ядроларының бөлінуі. Тізбекті реакция.

Сабақтың мақсаты:   ядролық реакция,   уранның бөлінуі, тізбекті реакция  ұғымдарын меңгеру;

Суреттеу, тірек сызба,  интерактивті тақтадан көрсетілетін бейнематериалдар көмегімен оқушыларда талдау,  салыстыра білу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Еңбекке баулу, ұқыптылық, шыдамдылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру.

Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериалдар

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, тугелдеу, даярлығын тексеру.
  2. Негізгі бөлім.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады. Мақсатқа жету үшін оқушылардың жұмысы ұйымдастырылады. Топты үшке бөлеміз:әр топқа ат беріледі: ” атом”,  ” изотоп”,  ”ығысу”.  Алдымен топтар өз аттарын қорғайды,  яғни бар білгендерін айтып шығулары керек. Мұғалім қосымша әр топқа сұрақтар қояды.

1)” Кез келген зат бір ғана атомнан тұрады” деген пікірмен келісесің бе ?

2)  “  Реттік сан”, “массалық сан” деген не?

3)  Ереже не дейді?

Оқушылардың назары бейнематериалға аударылады.

Барлық топтар өз аттарын қорғап қосымша сұрақтарға жауап бергеннең кейін,  жалпыға бірдей проблемалық сұрақ қойылады.

1) Бөліну реакциясы тұралы айтылды , бірігу реакцияда осы ереже орындалар ма екен ?

Осы ережені төмендегі реакцияға қолданып көрейік:

 

N+He=O+p

Li+p=He+He

Al+n=Na+He

 

Оқушыларға үш реакция беріледі.  Соңында мұғалім қорытынды жасайды.

Атомдардың элементар бөлшектермен және бір- бірімен әсерлесудің нәтижесіндегі өзгеріс”ядролық реакция” екендігіне назар аударылады. Қосымша,” жасанды радиоактивтік” тұралы мағлумат беріледі.

Al+He=P+n

P—à Si+e

 

2)   Проблемалық сұрақ.

Кез келген затта атомдар саны көп болса, онда уранның нейтронмен әсерлесуі кезінде не пайда болады?

Оқушылардың назары бейнематериалға аударылады.

 

Олардың жауабы тыңдалады.

Реакция нәтижесінде туындайтын нейтрондар осы реакцияның өнімі ретінде қолданылатын реакция “тізбекті реакция” деп аталады.

  1. Бекіту кезеңі.

Жаңа материалды қаншалықты деңгейде меңгергенін білу үшін тапсырмалар орындалады.

1) “Таза тақта”:”  ядро”, “ атом”, электрон, альфа- ыдырау, бетта- ыдырау, нейтрон, изотоп, нуклон, радиактивтік, ядролық реакция, тізбекті реакция, уран.

2)  Физикалық диктант.

1) Атом ядроларының элементар бөлшектермен немесе бір- бірімен әсерлесу кезіндегі өзгерісті ………… атаймыз.

2)  Ядролық реакцияларда оң және сол бөлігіндегі реттік сандар қосындылары бір- біріне ………болу керек .

3 ) Оны туындататын бөлшектер осы реакцияның өнімі ретінде қолданылатын реакция  …………аталады.

4)  Нейтронның артықшылығынан ядро созылады да тебілу күші тартылу күшінен әлде қайда артып ……….ядросы екіге бөлінеді.

5)  Тізбекті реакция кезінде тек……..ядросы………… бөлшегін қосқанда ғана туындайды.

Тапсырмалардың мазмұны:” таза тақта “ сөздерге сұрақ құрастыру керек. Физикалық диктантта қалып қойған сөздерді тауып жазу керек. Соңынан дәптерлерін “көршілері” тексереді  1…> 2…..> 3…..> 1, баға қояды.

4 Қорытындылау кезеңі

 

Тыңдағанымды ұмытпаймын

Көргенімді есіме сақтаймын

Қолымен істегенімді түсінемін

Бүгінгі “ядролық реакция”,” уранның бөлінуі”,” тізбекті реакция” ұғымдарын түсініп, ұмытпай, есте сақтап жүреміз.

5 . Үйге тапсырма

 

N 85, 86 ,87 ,88 тақырыптарды оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беру .