Көліктер көшемен кетіп бара жатыр

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру салалары: Шығармашылық

 Бөлімдері:Жапсыру

Тақырыбы: Көліктер көшемен кетіп бара жатыр

 Мақсаты

  1. Білімділік: Тіктөртбұрыш, шаршыны қос бүктеп қию арқылы көлік жасауды үйрену
  2.  Дамытушылық: Қайшы ұстау, көз мөлшерлеп қию дағдысын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Қолданылатын көрнекіліктер:  Көліктер суреттері, үлгі суреттер. Қиылған тіктөртбұрыштар мен шаршылар, фломастер

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің  әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу. Тәрбиеші балаларға жұмбақ ала келгенін  хабарлайды.

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық.

Балалар тәрбиеші әкелген жұмбақтың жауабын көлік екенін табады.
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.  Көліктің түрлері өте көп.

— ал, көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

— осы көліктердің ұқсастықтары және айырмашылықтары қандай?

Тәрбиеші машина қиылған үлгіні алып балалардан сипаттауды сұрайды.

Көліктің алды мен арты ұқсас болатындығын байқатады.

Көлікті  қиюда қос бұктеу арқылы қиған оңай болатын түсіндіреді.

Көлікті қиып-жапсыру жолдарын көрсету.

1.      түсті қағаз қос бүктеп, жеңіл көліктің жартысын салу.

2.      түсті қағаз қос бүктеп, автобустың жартысын салу.

3.      көліктерді қиып жапсыру.

4.      доңғалақ, терезелрін фломастер арқылы салу.

 

«Бағдаршам» ойыны

Ойын шарты:Мен сендерге бағдаршамды көрсетемін. Оның жасыл түсі жанса, аяғымызды тоқылдатамыз, сары түсі жанса, қолымызды шапалақтаймыз, қызыл түсі жанса бір орында тұрып қаламыз.

 

Балалар сұрақтарды мұқият тыңдайды.

 

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға толық жауап беріп, өз ойларын айтады..

 

 

Балалардың өз бетінше жұмыстары

1.түсті қағаз қос бүктеп, жеңіл көліктің жартысын салады.

2.түсті қағаз қос бүктеп, автобустың жартысын салады.

3.көліктерді қиып жапсырады.

4.доңғалақ, терезелрін фломастер арқылы салады.

 

Балалар оойынды қызықтап ойнайды

Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция) . Сұрақ-жауап: (балалардан толық жауап талап етіледі)

— Бағдаршам не үшін қажет?  — Бағдаршамның қызыл түсі жанса не істейсіңдер?              — Жасыл түсі жанса не істейсіңдер?                               — Сары түсі жанса ше?            Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

 

Балалар сұрақтарды мұқият тыңдап, толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің мақтап мадақтауына риза болады.