Күйзеліске бой алдырмаңыз!

Күйзеліске  бой алдырмаңыз!

 

Қазіргі кезде күйзеліс әлемдік көрсеткіштер бойынша  жүрек қан – тамырлары ауруынан кейінгі  орында тұрған аурулардың бірі.Барлық адамдар күйзелісті бастарынан өткізеді. Күнделікті өмірде өзіңді күйзелістен аулақ ұстасаң да , ол психикалық және физикалық жағдайларда көрінеді.  Орындап жүрген жұмыстар арқылы, іскерлік әрекетте – шамадан тыс қызу жұмыс орындағанда және ақыл ойдың шамадан тыс күштенуі мен бұлдырауы адамдардың дұрыс ойлауына кедергісін тигізеді. Кейде ол соншалықты күшті болған сайын, адам өзін бақылау қабілетін жоғалтады да күйзеліске бой алдырады.

  • Отбасындағы проблемалар,
  • жұмыстағы келеңсіздіктер,
  • ауа – райының күрт ауысуы,
  • айналаңдағы жағымсыз жағдайлар,

осылардың барлығы адамның көңіл күйіне әсері мол. Кейбір адамдар мұндай жағдайларды өзіне жақын қабылдамай  стреске бейім  келеді. Жай адамдарға қарағанда олардың айырмашылығы стресс шақыратын жағдайларды қадағалай білуі және өз реакциясын басқара білуі. Ал екінші біреулері  өте сезімтал болады да  салы суға кетіп, ауруына ауру жамап алады. Бұл тек  көңіл – күйге әсер ететін  психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін медициналық проблема. Ағзадағы  барлық құбылыс мидың қозуынан басталып, оған эндокриндік жүйе қосылады, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді де осылайша стреске әкеліп соқтырады. Қазіргі кезде айналамызда күйзеліске түсіп, стресс алып  ауру атанып жатқандар көп.

Денсаулығы жақсы адамдарда стресс жеңіл түрде өтеді. Ал  денсаулығы нашар адамдарда психофизиологиялық  әсері қатты сезіледі;

  • көңіл күйі бұзылады,
  • ұйқысы нашарлайды,
  • эмоционалды қозу байқалады,
  • жүрек қағысы мен дем алуы нашарлайды.

Стрестік әсердегі жағымсыз әсерді тоқтату үшін, стресс нышандарын білу керек және бірнеше шараларды қолдану керек. Әрине бұған ешқашан кеш емес.

Үнемі қайталана беретін қиын жағдайларда өмір сүру бізді өмір сүруден , рахат алудан қалдырады. Бізге : Неге үнемі бұлай бола береді? – деген сұрақ тыныштық бермейді. Біз өкінішке орай стресстің өмірімізге қалай әсер етуін байқамаймыз және стрессті басқара білу керектігін білмейміз.

Стресс — ағзаның қорғаныс құралы. Бұл ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Кейде жағымды жағдайлардың өзі адамға стресс әкелуі мүмкін. Осылайша   қатты  қамығу, жабығу, торығу,құлдырау  ақыр соңында  адамды өзін- өзі саналы түрде басқара алмауына әкеліп соқтырады.

Депрессия – бұл психикалық ауытқу болып табылады. Оның негізгі үш белгісі бар: өмірге қызығушылығының төмендеуі, көңіл күйдің бұзылуы, ой мен сананың сергелдеңі, яғни жағымсыз жағдайларға бой алдырып белсенділігі жоғалуы.

Жалпы адамның психикасын бұзатын аурулар невроз және психоз болып  бөлінеді. Невроз адамдардың өмірінде кез- келген кезеңінде болуы мүмкін. Бұған әкеліп соқтыратын жағдайлар жақын адамынан айрылу, от басының құлдырауы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі адам бойына үрей тудырып, ауруға ұшыратады және инсультке де соқтырады. Оның стресс, депрессия, дистимия сияқты толып жатқан түрлері бар.

Ал психоз – тұқым қуалаудан немесе бір апатқа ұшыраған жағдайда және  денесіне дерт жабысқан жағдайда болады. Осындай жағдайларда адамдар ұйқысынан айрылып, әлсіздік, қорқыныш пен үрейдің құшағында тұншығып, өмірге деген құлшынысы азаяды, кейде өзіне қол жұмсауы да мүмкін екенін алға тартады.

Күйзелістен  емделудің екі жолы бар: депрессияға қарсы дәрі – дәрмектер пайдалану және психотерапия. Бұл тәсілдерді адам өздігінен емес, арнайы орталықтарға барып, мамандардың кеңесімен жүргізген дұрыс. Белгілі бір уақытта жүргізілген психотерапия  күйзелістен айығуына көмектеседі.

Бірақ адамдар өзінің психикалық ауруға шалдыққанын байқамайды немесе мойындағысы келмегендіктен арнайы орталықтар мен мамандар көмегіне жүгінбейді.

Сондықтан кішігірім күйзелісті асқындырмай, депрессияның алдын алған дұрыс.Күйзелісті жеңу үшін алдыңа нақты міндеттер қою және салауатты өмір салтын ұстана білу маңызды. Әр адам өзінің қажыр қайратын калыпты ұстай білу, дер кезінде тамақтану, дұрыс демалу және таза ауада жиі серуендеу, спортпен айналысу, уақытын тиімді мақсатты  пайдалануға дағдылану керек. Сонда ғана өзінің ісіне және өміріне көңілі толып, қажетсіз ойлардан арылады. Сонымен қатар әр адам бойынан үмітті сезіну – күйзеліспен күресуде таптырмас қару болып табылады. Үміті бар адам ғана өзінің болашағына нық сеніммен қарайды және үміт арқылы үлкен жетістіктерге жетіп, бйік шыңдарға шығады.

 

 

«Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығы  психологы

Қалдыбаева Гүлзира Бекболатқызы.