Кітап ұлт байлығы

«Кітап ұлт байлығы.»

 

( «Кітап –кемел келешек »кітап көрмесіне шолу ,әңгіме .оқыған кітаптар бойынша сұхбат,ертегілер бойынша сұрақтар)

 

Даналық сөздер:    « Білімге толса көкірегің-ашылар көзі сананың »

                                                                                         Майлықожа .

Кітап –алтын сандық,іші толған қазына-құт,оқы,оқы,ойыңа тұт .

                         Кітап оқығандікі ,білім тоқығандікі.

Балалары кітап оқымаған елдің ,болашағы бұлыңғыр .

 

— Кітапханашы : Сәлематсыздарма ,құрметті оқырмандар !!!

2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай өткізілетін «Кітап – кемел келешек » атты ертеңгілікке  қош келдіңіздер !

— О, кітап бас иемін мәртебеңе ,

Игілік қазынасың бар адамға .

Сен берер жақсылықтың есебі жоқ ,

Жеткізіп  жолын тауып айта алам ба ? –деп ақындар жырлағандай ,білімнің каусар бұлағы кітап- біздің рухани құндылықтарымыз ,теңдессіз байлығымыз .Өткен заманның  терең  тұңғиығына сүңгіп сыр шертетін де ,тарихты да ,әдебиетті де ,мәдениетті де ,басқа ғылымның бар кереметтерін де ,адамзатқа ауадай қажет ,маңызын ешқашан жоймайтын байлықтың көзін бес әріптен тұратын КІТАП  деп атаған құдіреттен табамыз  .

 

Иә бүгін Халықаралық балалар кітабының күні -мереке . Құрметті оқырмандар, кітапханада жылда, 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні болып аталып өтеді .Сендерді осы мерекемен құттықтаймын.!!!

 

Кітапханашы: — Балалар сендер білесіңдер ме , неліктен  2 сәуір балалар кітабы күні болып аталып өтеді ? Қайсың білесіңдер .Ойлап көрдіңдер ме ?

 

-Онда мен айтайын, сендерге ,өйткені осы күні ,яғни 2 сәуір 1805 жылыДания деген елде балаларға арнап көп ертегі жазған, әлемдегі ертегіші, ертегі королы атанған Ганс Христиан Андерсон атты балалар жазушысы дүниеге келген  екен.

 

 

 

Кішкентай кезінен бастап анасы мен әжесінің ертегісін тыңдап ,естіп өскен ,кейін өзіде ертегі құрап ,декарациялар ,қағаздан түрлі куыршақтар жасап ,ертегілер мен пьесалар жазды.Балаларға арнап 170 тен аса ертегі жазған екен .Данияда өз тілінде жазды ,1844 жылдан бастап орыс тіліне аударыла бастады ..

 

Міне осы жазушының құрметіне бұл күнді Халықаралық балалар кітабы күні деп белгілеген екен .Мен мұны сіздерге біле жүрсін деп айтып тұрмын .Қазақстан Тәуелсіз мемлекет.Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарына қосатын –білім мен білімді ұрпақ..

 

Иә, Білімді болу үшін- рухани бай болу керек .Рухани байлықты кітаптан аламыз.Міне сол үшін де еліміздің баспаларынан өздерің көріп тұрғандай жыл сайын көркем суретті балаларға арналған миллиондаған кітаптар басылып шығарылуда .Әр адамның бойында кітапқа деген құрмет пен сүйішпеншілік болу керек .

 

Кітап ең сабырлы ұстаз дейді . Әр кітап өзінше құпия .Кітап оқу- бұл адамзаттың ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстарының бірі екен . Балалары кітап оқымаған елдің ,болашағы бұлыңғыр деген даналық сөз бар .

Кітапханашы : Балалар ,біз жаңа Андерсон балаларға арнап 170 ертегі жазды дедік .Болсын.

 

Біздің өзіміздің де ауыз әдебиетімізде ертегілер бар және көп ,иә .

Балалар , кәне кім қандай ертегі оқыды ?

 

Ерте-ерте ертеде , ешкі жүні бөртеде деп басталатын қандай ертегіні білеміз ?      Кәне кім қандай ертегі оқыды ?

 

Әр балаға оқыған кітабы бойынша сұрақтар «Осы кітаптың тақырыбы дұрыс па ?Қандай кейіпкер , не ұнады ? Неліктен ? Не себепті ?»деген сұрақтарға балалар жауап берді.

 

Кітапханашы : Құрметті балалар ,мен бүгінгі ертеңгілікті мынадай ақындардың өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім :

 

 

 

Еліміз кітап күнін тойлап жатыр ,

Ұрандап« Оқитын ел –озық ел !» деп .

Мен бұрын мұндай тойды көрмеп едім ,

Бұл деген көкке биік өрлегенің .

Оқуға ел ниетін бұрып жатса

Алынар небір асу , бел дегенің

Кен , қазынаң кітап қой нәр беретін ,

Жайнатып өміріңе сән беретін ,

Жер бетінде ешқандай ғажайып жоқ ,

Халайық дәл кітапқа тең келетін .

Кітап-сәуле ,нұр берер шырағыңыз ,

Сарқылмайтын біліммен бұлағыңыз .

 

 

Кітап күні тойланып жылдан –жылға ,

Биылғы жыл келер жылға болсын жұғыс , -деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймын . Келесі кездескеше сау болыңыздар

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер :

1 . Кітаппен кеңес – білімдімен теңес ,- Мектептегі кітапхана ,-№6

2012 жыл, 21 бет

 

 

 

 

 

Кітапханашы