Еркеназ жыл оқушысы атанды

Еркеназ жыл оқушысы атанды

 Өткен оқу жылы біздің сынып үшін жемісті әрі жеңісті аяқталды.Еңбегіміз еленді. Жыл бойы қоғамдық жұмыстарға, байқауларға белсене қатысқан оқушыларды мектеп әкімшілігі марапаттаған болатын. Әсіресе, сыныбымыздың үздік те белсенді оқушысы Еркеназдың құшағы гүл мен грамотаға толы болды. Сыныптысымның қанжығасы майланды. Ол домбырадан және пәндік олимпиадалардан облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орын алып жүрген көшбасшы оқушымыз.

Үнемі жан-жағына мейірім шуағын шашып тұруға, көмек қолын созуға әзір тұрады. Жетістіктерін ескере отырып Әли Еркеназ “Жыл оқушысы ” атағын жеңіп алды. Біз сыныбымызбен қатты қуандық. Өйткені ол сол марапатқа лайық. Жарайсың,Еркеназ! Сен әлі талай биік шыңдарды бағындыратыныңа біз сенімдіміз. Келер жылдан да  үмітіміз мол.

Жаншуақ Жоламан

№ 73 жалпы білім беретін орта мектептің 3а сынып оқушысы

Жетекшісі Досова Мәслихат Жайшылыққызы