«Атадым – шатастым» ойыны

«Атадым – шатастым» ойыны

Мақсаты: өз сыныптастарымен өзара әрекетке келіп, жақсы, жағымды қарым – қатынас орнатуына  бағыт беру, суреттегі ұқсастық пен айырмашылықты іздеумен байланысты танымдық қабілетін жаттықтыру, ойлауды дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіш.

 

Сабақтың барысы

 

 

Сәлемдесу.        Ойын. «Атадым – шатастым»

Мақсаты: ырықты зейінді дамыту

Жүргізуші қатысып отырған балалардың аты – жөнін шатастырып айтады. Атын дұрыс айтса, фамилиясын дұрыс айтпайды немесе керісінше. Ал аты – жөнін дұрыс айтқан кезде сол оқушы орнынан тұруы керек. Егер кім қателессе, сол оқушы ойыннан шығады.

 

 

Сергіту сәті.        Ойын. «Шапалаққа құлақ түр»

Ойыншылар шеңбер бойымен жүреді. Жүргізуші бір рет шапалақтаған кезде оқушылар тоқтап, «Жылап тұрған үйеңкі» позициясын ұстану керек (аяқты иық көлемінде ашады, қолдарын салбыратып, бастарын сол иыққа қойып тұрады). Жүргізуші қолын екі рет шапалақтағанда оқушылар «бақа» қалпында тұра қалады (сәл отырып, өкшені қосып, тізені сыртқа шығарып, қолдарды екі аяқтың ортасымен жерге қояды). Үш рет шапалақтағанда «тырна» тәрізді тұрулары қажет (екі қолды екі жаққа жіберіп, бір аяқта тұру). Төртінші рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа келіп, шеңбер болып жүреді.

Ұсыныс: әрбір позаны ойын барысында оқушылармен бірге ойдан шығаруға болады. Ойын барысында балалар бір – біріне кедергі жасамай, еркін қозғалуы керек. Ойынды 4 тен артық қайталамау керек.

Егер балалар шарттарды дұрыс орындаса, тағы бірнеше позаларды қосуға болады (қоян, жылқы т.б.)

 

Сабақтың мазмұны

 

 

3 – жаттығу            6- 8 жас аралығындағы балалар үшін

Мақсаты: 4 – 5 ұқсас бейнелерден ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау (А.З.Зак бойынша)

Балаға 3, 4 – суретті көрсетіп, 4 бейнеден мыналарды анықтау қажет:

  • Элементі бірдей жұптар;
  • Бір айырмашылығы бар жұптар;
  • Екі айырмашылығы бар жұптар;

 

Тапсырманы 5, 6 – сурет арқылы күрделендіруге болады. 5 бейнені қарап отырып:

  • Бірдей элементтері бар жұп;
  • Бір ғана элементі ұқсас жұп;
  • Екі айырмашылығы бар жұп;
  • Үш айырмашылығы бар жұпты табуы керек.

 

8 – 10 жас аралығындағы балалар үшін

Мақсаты: бір жалпы және екі әртүрлі белгілері бар бейнелердің жұбын анықтау.

Балаға 24 бейнесі бар 7 – сурет көрсетіледі. 2 және 3 бейнені салыстыруды ұсынады. Онда екі элемент – шашы мен мұрынның пішіні ұқсамайды да, тек көзқарастары сәйкес келеді. Содан кейін 18 бейненің ішінен (алғашқы 3 жол) кез келген екі ұқсастығы бар 10 жұпты табуға тапсырма береді.

 

10 – 12 жас аралығындағы балалар үшін

Мақсаты: бір жалпы және әртүрлі белгілері бар бейнелер жұбын анықтау

Балаға 8 – суретті көрсетіп, одан 1 мен 9 бейнені салыстыруды ұсынады. Бейнедегі күлкі мен жағасы сәйкес келеді де, бас киімінде айырмашылық бар. Содан кейін бала 24 бейненің ішінен 3 элементі сәйкес келетін және бір элементі сәйкес келмейтін кем дегенде 10 – 15 жұпты табуы керек.

 

 

Ойын. «Дұрыс естиміз және естігенімізді көрсетеміз»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту

Балалар дөңгеленіп отырады. Жүргізуші балалармен естігендерін қалай көрсету керектігін келіседі.

  • егер сұраулы сөйлем болса, онда оң қолын жоғары көтеріп, сәл иеді, ал сол қолының жұдырығын түйіп, кеудесінің алдына қояды;
  • егер лепті сөйлем болса, екі қолын жоғары көтеріп, қосады;
  • егер нақты сөйлем болса, екі жұдырық бір – бірімен түйіседі.

Жүргізуші мәтінді әр сөйлемнің соңында пауза жасап оқиды, ал балалар естігендерін қолдарымен көрсетуі керек.

 

 

Сабақты пысықтау

 

 

Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті. А.З.Зактың «Познавать играя. Развитие познавательных способностей у детей 5 – 12 лет» оқулығынан 4 — сабақты орындау.