Тыйым сөздер

Тыйым сөздер

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жатпиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсіз істерге қатаң тыйым салған. Мындай тыйым сөздер ел ішінде өте көп.

 

Дастарқанды, тамақты баспа.

 

Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.

 

Малды, ыдысты, тамақты теппе.

 

Босағаны керме, құшақтама.

 

Түнде үй сыпырма, тырнағыңды алма.

 

Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.

 

Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.

 

Жақын адамға пышақ сыйлама.

 

Тұзды , күлді баспа.

 

Үйге жүгірме.

 

Адамға қарап түкірме, есінеме.

 

Пышақтың жүзін жалама.

 

Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама.

 

Қызды ұрма.

 

Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа.

 

Түнде суға барма.

 

Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе.

 

Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

 

Үлкеннен бұрын тамақ жеме.

 

Орындықта аяғыңды айқастырып отырма.

 

Тырнағыңды тістеме.

 

Бетіңді баспа.

 

Жалғыз ағашты шаппа.

 

 

Аяқ қолыңды жіппен байлама.

 

Шашыңды аяқ астына тастама.

 

Малға теріс мінбе.

 

Пышақты шалқасынан қойма.

 

Жақты таянуға болмайды.

 

Екі езуді керуге болмайды.

 

Ішекті тартуға болмайды.

 

Бос бесікті тербетпе, бесікті ашық қалдырма.

 

Құран оқығанда күлуге болмайды.

 

Үйге жүгірме.

 

Үлкен кісінің алдын кеспе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Киме теріс киімді,

Теппе киім-ұйымды.

 

***

 

Салма ауызға инені,

Үзбе, жұлып түймені.

 

***

 

«Тар киім тез тозады» деген бар.

Сырт киім мен аяқ киімдердің әрі ыңғайлы, әрі жыл мезгіліне орай таңдалғаны абзал.

 

***

 

Барлық киім мен сәндік әшекейлер өз жасыңа қарай, бет әлпетің мен дене мөлшеріңе сәйкес лайықталып, жарасым тапқаны дұрыс.

 

***

 

Әсем біздің сәнқой-ақ,

Еліктегіш сондай-ақ.

Үлкендердей болам деп,

Солай жүре алам деп:

Бетіне опа жағады,

Әшекейлер тағады…

Сәнді болған дұрыс қой,

Шектен шықса бұрыс қой!

 

 

 

Аяқ-қолың болмай кір,

Тырнағыңды алып жүр.

 

***

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

 

***

Саусағыңды сормағын,

Салдыр-салақ болмағын.

 

***

 

Аптасына бір-екі рет шомылып,

Сусеберге күнде түскен дұрыс.

 

***

 

Дос бол сабын, сумен сен,

Жиі-жиі жуын сен:

Таңертең де, кештн де,

Жуын күндіз-түсте де.

Жуын тамақ алдыңда,

Жуын тамақ соңында.

Жуын ұйықтар кезінде,

Жуын тұрған мезгілде.

Су мен сабын – бір жолдас,

Жоймас олар кір болмас!

 

 

 

 

 

 

Үй жинауды ең алдымен ойыншықтарды орнына қоюдан бастаған жөн.

 

***

 

Одан соң дымқыл шүберекпен заттарға қонған шаңды сүртуге болады.

 

***

 

Кір қоқысты қабырғадан бөлменің ортасына қарай сыпырып жинаған дұрыс.

 

***

 

Бөлмені жинастырып болған соң, міндетті түрде желдетіп алу керек.

 

***

 

«Тағам дәмі – тұзбенен,

Үйдің сәні – қызбенен», —

Деген сөзді естігем,

Қыз баламын есті мен:

Қолғабысқа жараймын,

Тазалықты қалаймын.

Ана еңбегін сыйлаймын:

Үйдің ішін жинаймын.

 

 

 

 

 

 

Сәнді жайылған дастарқан басында сәнді отыра да білу керек: түзу қалпыңда, үстелге тым тақалмай, тамақ ішер сәтте еңкейіңкіреп отырған жөн.

 

***

 

Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.

 

***

 

Асықпай іш тамақты,

Жалама аяқ – табақты.

 

***

 

Нанды үгітпе, қадірле, қабығымен бәрін же. Оны тек қолыңмен ал.

 

***

 

Ас үстінде «Жалқаумын, саңырау да мылқаумын».

 

***

 

Тамақ ішіп болған соң, аузың мен қолыңды майлық шүберекпен сүрту қажет.

 

***

 

Дәмді тағам үшін алғыс айтуды ұмытпа.