Сөйлем Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.

Мақсаты:

Сөйлемнің сөзден құралатыны,белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінік беру.Сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріптен бастап жазып,соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру. Сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға үйрету.

Сөздік қорын,ой-өрісін,тілін ,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Ізденгіштікке,әдептілікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,суреттер,кесте,карточка.

Түрі: аралас

Әдісі :Сұрақ-жауап, түсіндіру,бекіту.

Барысыы:  І ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

ІІ өткен сабақты пысықтау

Мәтін түрлері : Әңгімелеу,сипаттау,пайымдау.

Мысалы:  (Қай мәтін түріне жатады ,анықтау ,ережесіне тоқталу.)

1)Диқан.

Нан астықтан алынады.Астықты өсіретін адам-диқан.Ол жыл бойы тыным таппайды.Көктемде жер жыртады.Жерге дән себеді.Күзде масақ толы дән қырманға тасылады.

  • Қозы.

Өркеннің сүп-сүйкімді қозысы бар.Оның көзі көмірдей қап-қара.Жүні аппақ,бұйра.Бойы кішкентай.

  • Жағымсыз әдет.

Шылым шегу жағымсызәдеттердің бірі.Ол әр жаста да қауіпті.Балалар үшін өте зиян.Шылым  түтінінен адамдардың өкпесі,асқазаны,қан тамырлары зардап шегеді.Түрлі ауруларға шалдықтырады.

 

Мәтін бірнеше сөйлемдерден құралады екен,ол сөйлемдер мағына жағынан бір бірімен байланысып тұрады екен.

Дыбыстан не құралады?  (буын)

-Буыннан ше? (Сөз)

-Сөзден не құраймыз?  (Сөйлем)

Ендеше бүгінгі  өтетін тақырыбымыз «Сөйлем»

Сөйлем

 

Хабарлы       Сұраулы             лепті

 

Қонақ төрге шықты.  Сен өскенде кім боласың?  Апа, мен бүгін қазақ                                                                                                                                                                                                                                                                    тілінен бес алдым!

 

Ереже :

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2.Сөйлем сөздерден құралады.

3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

4.Сөйлемнің бірінші сөзі басәріппен басталып жазылады.

5 Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.

 

(Сурет бойынша сөйлем құрату)

 

-Енді біз бүгін осы ережеге сүйене отырып ,пысықтау жаттығуларын орындаймыз.

  • жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.Әр сөйлемде қандай ой айтылғанын анықтау.(дәптерге)

2-жаттығу (тақтаға)

МЕН ДОСЫМНЫҢ ҮЙІНЕ КЕТТІМ  БІР САҒАТТАН КЕЙІН КЕЛЕМІН

 

-Айжанның жазуын оқу неге қиын болды?

-Ол сөйлем жазудың қандай ережелерін білмейді?

 

3-жаттығу (ауызша)

«Сүйікті пән»

Түртіп қалдым Майқанды,

Майқан маған қарайды.

-Әй ,сен осы қай пәнді

Сүйесің ?-деп сұрадым.

 

-Білгндерге пән-мәннің

Барлығы да тәуір –ау!-

Деді Майқан.-Ал менің

Сүйер «пәнім» -қоңырау!

 

Сендер қай пәнді жақсы көресіңдер?

Сөйлемдердің соңында қандай тыныс белгісі қойылған?

 

Сөйлемнің соңында хабарлы сөйлемнен соң (.) нүкте ,сұраулы сөйлемнен соң сұрақ белгісі (?) ,лепті сөйлемнен соң ,леп белгісі қойылады(!)

Сергіту сәті:

Шаршадық уһ дедік!

Ренжідік туһ! Дедік

Білмей қап и-и-и дедік

Біліп ап –е-е-е дедік,

Таңқалып –о-о-о дедік,

Қуандық күлдік.  (Қимылмен)

 

Шығармашылық диктант.(сандарға тиісті жалғау жалғап,сөзбен жазу.)

 

Өрмекшінің 8 аяғы бар.Ат жарысынан 1 келдің бе ?Алақай 5 алдым !   Мен 2 сыныпта оқимын .  Сабақ 2 де бастала ма  ?

5- жаттығу.

Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу.

Құлыншақ аяғын әрең басады.Құстар адамға пайда келтіреді.Үйлер алыстан биік көрінеді.Кітапханада қызық кітаптар бар.

Қорытынды:

Әдепті ,сыпайы сөйлемге   айналдыр.

Әкел кітабымды.

Ата менің орныма отыр.

Алдымнан тұр.

Беті қолыңды жу.

Апа мұнда кел.

Әже сөмкеңді бер.

Аға сен өт.

 

Карточкамен жұмыс.

Сенде қарындаш бар ма (! .?)

Айдос күз бойы бақшада жұмыс істеді(!.?)

Табиғат қандай тамаша(! .?)

 

Ұйқасын тап!

-Ра –ра-ра

Ұшып кетті қарға.

-Ақ –ақ –ақ

Секеңдейді лақ.

-Ыс –ыс –ыс

Келді міне қыс.

-Аң –аң –аң

Аң патшасы арыстан.

Сонымен сөйлем дегеніміз не?

1.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

2.Сөйлем сөздерден құралады.

3.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.

4.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылады.

5 Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.

Үйге тапсырма:4-жаттығу,ереже

Оқушыларды бағалау