Біздің мектеп шығарма

Біздің мектеп

Биылғы жаңа оқу жылында Қызылжар елді-мекенінде жаңа білім ордасы бой көтерді. Мектеп екі қабаттан тұрады. Іші кең. Жарық және жылы. Қазіргі заман талабына сай салынған. Онда спорт залы, кітапхана, автоматтандырылған асхана, қолөнер, шеберхана  кабинеттері бар. Сынып бөлмелері де әдемі. Оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Кабинеттердің жабдықталуы да керемет.

Мектеп мұғалімдері де мейірімді. Жүздерінен шуақ шашылып тұрады. Жаңа мектеп табалдырығын аттаған оқушылар да сабақты жақсы оқып, қырандай самғап, биікке жетуді алдарына мақсат етіп қойған. Біздің сынып жетекшіміз Досова Мәслихат Жайшылыққызы өзіміз білім алатын екінші үйіміз саналатын-мектепті таза ұстауға үнемі дағдыландырып отырады. Мен Ақтөбе қаласындағы осындай №73 білім беретін мектепте білім алып жүргеніме  өте қуаныштымын.

 

Жаншуақ Жоламан

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 3а сынып оқушысы

Жетекшісі Досова Мәслихат Жайшылыққызы