Менің педагогикалық философиям

Абжекеева Анар Зейнелғабиденқызы.

Павлодар қаласы.ЖОБМ№15

Биология пәнінің мұғалімі.

 

 

Менің педагогикалық философиям.

 

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінен жан жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты , мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық екені баршамызға мәлім. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі  біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым теңіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі  шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Мұғалім өнерлі, жан-жақты дамыған, білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Ата-аналар қауымы тарапынан көрсетілетін сенім мен құрмет, ұжымның ыстық ықыласы, оқушының білімге деген талпынысы ұстазды алға жетелеп, жігерлендіреді.

Ал ХХІ ғасырдың ұстазы қандай болмақ керек, әрине өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті.Сондай-ақ ұстаздың күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап, оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Осы тұста ақын Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға деген өлең жолдары ойға оралады. Шәкірттері жеке тұлға болып қалыптасып, өмірде өз орындарын тауып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны деп сесптеймін.

ХХІ ғасыр білім мен ғылымның қарқынды дамыған уақыты. Қазіргі сабақ процесінде түрлі педагогикалық әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану  заман талабы болып отыр. Оқу жұмысында оқытудың белсенді формаларын енгізу, оқушының ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Сабақ барысында мұғалімнің уақытты тиімді пайдалануға, оқушының тақырыпты өзбетімен меңгеріп өзін-өзі бағалауға, өз біліміндегі кемшілік тұстарымен жұмыс жасауға дағдыландырады.

Қазіргі заманға сай өзгерістер, жаңа ақпарат технологияның пайда болуы, мәдениеттің,іскерліктің қарқынды дамуы- адамды осы заманға сай болуын талап етеді сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақты заманға сай азамат етіп оқытып,тәрбиелеп шығару үшін оқытушы білім беру әдістерін шыңдата түсуі қажет.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу. Сондықтан мен өз сабағымда барлық әдістерді бірден қолданбасамда, сол әдістердің кейбір элементтерін сабағымның кезеңдеріне ыңғайландырып қолданамын.

Сабақ барысында қолданылатын әдістер:

– Саралап деңгейлеп оқыту;

– Топқа бөліп оқыту;

– Сын тұрғысынан ойлау;

– Интерактивті әдіс;

  • Миға шабыуыл;
  • Модульді оқыту әдісі;

– Дөңгелек үстел;

– Семинар.

Мұндай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі – мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының жас және психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оны өмірмен байланыстыра, ұштастыра білуінде. Сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, одан қорытынды шығара білу оқушыны өз бетінше ізденуге, іскерлікке дағдыландырады.

Соның ішінде интерактивті әдістер, электронды оқулықтардың маңызы зор.Мұндай сабақтарда оқушы өзін түрлі рөлде сынап көреді.Сонымен қатар баланың жеке дамуы, қорытынды жасай білуі арқылы оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады.

Интерактивті оқыту әдісі оқытуды нәтижелі ету үшін оқушы өзінің жетістігін, зерделік деңгейін сезінетіндей жағдай жасайды. Интерактивті оқыту кезінде ролдік ойын, пікір талас тыңдау,талқылау әдістерін қолдануға болады.

Сынып ішінде мұғалімге жауап берген уақыттағыдай емес, бір-бірімен сұхбаттасу кезінде оқушы психологиялық кедергіге ұшырамайды.Сұхбаттасу барысында балалар, сыни ойлау, ақпаратты жағдайды талдау, салыстыру барысында өзекті мәселелерді шешу, альтернативті пікірлерді салмақтау, шешім қабылдау, пікір таластарға қатысуды, басқа адамдармен сұхбаттасуды үйренеді.

Сабақты түрлендіріп әр түрлі бағытта , формада өткізу оқушының зейінін аударуға,сабаққа ынталандыруға, ақпараттарды дұрыс қолданып көрсетуге және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Қазіргі ақпараттар ағыны уақытында мұғалім заман көшінен қалмай, әрдайым өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Биология ғылымы – эксперименттік ғылым. Биология сабақтарында оқушылардың қакбылдаған теориялық білімдерін бекіту үшін, пәнге деген қызығушылықтарын ояту үшін зертханалық жұмыстардың маңызы зор.

Зертханалық сабақтар оқушылардың өзбеттерімен жұмыс істеуге қабілеттерін дамытып, зерттеп, бақылаған жұмыстарына қорытынды жасай білуге үйретеді.

Сондықтан мен биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды оқу материалдардың, көрнекі құралдардың жағдайына байланысты өткізуге тырысамын.

Зертханалық жұмыстар оқушыларға келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

– Оқушы бойында алған білімін игеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысы қалыптасады, ал бұл қазіргі уақыттың талабы;

– Маңызды биологиялық құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап, мәнін терең түсінеді;

– Зертханалық жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін игереді;

– Тәнтану және жануартану курсынан алған білімдерін зертханалық жұмыстармен практикада бекіту арқылы, дене бөліктерін толық ажырата білуге дағдыланады;

  • Зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде өткізу, теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру оқушының медицина саласына қызығушылығын оятады.
  • Алған білімді тәжірибеде нақты қолданып көрудің икем да,дысын қалыптастыруға көмектеседі, кәсіби бағдар беруге жетелейді.

Әр ұстаздың бойынан табылуға тиісті мынандай қасиеттерді даралап көрсетуге болады:

– Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;

– Қызметіне бейімділігі;

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі;
  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезімі;
  • Ұйымдастырушылық қабілеті;
  • Заманға сай жаңашылдығы.

ХХІ ғасырдың басында адамзат баласы дамудың жаңа кезеңі – жаһандану дәуіріне аяқ басты. Адамзат өркекниетінің қазіргі кезеңі қоғамдық дамудың бар саласын қамтыған жаһандану үрдісімен ерекшеленетінін білеміз. Сондықтан еліміздің білім беру жүйесі де жаһандану жағдайына халқымыздың төл тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілікпен құрмет сезімін қалыптастыратын ұлттық ерекшеліктерге үлкен мән беріп отыр.

Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп және әр ұстаздың алдында тұрған негізгі міндет деп ойлаймын.

Ал жоғарыда аталған қасиеттер мен қазіргі заманғы саналы да сапалы педагогикалық технологиялармен қаруланған ұстаздар қауымы қазақ елінің мәртебесін көтеретін жас ұрпақтарды тәрбиелеп шығаратынына сенімдімін.