Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде

№ 7   сабақ

Тақырып:           Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, сабырлылық, кешірімділік

Сынып: 8

Сабақ мақсаты: :   оқушыларға  өзін-өзі тану арқылы сүйіспеншілкпен өмір сүрудің мағынасын  ұғымдарын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:  

—          Оқушыларға «таным», «әр сәт», «себеп», «салдар», «әрекет» ұғымдары туралы түсінік беру;

—          Оқушылардың мейірімділікпен ойлау, сөйлеу, әрекет ету дағдыларын дамыту;

—          Оқушыларды мейірімділікке, сабырлылыққа, кешірімділікке тәрбиелеу.

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

«5Т» ережесін қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттарынан үзінді  алдын ала үйден  оқуға тапсырылған.

Сабақ барысын талқылау:
Дәйексөз.

Колд Адриан Гельвецийдің «Махаббат – іс-әрекеттің қуатты көзі» деген ой-тұжырымы  сабақтың  дәйексөзі  болып табылады. Дәйексөзді қалай түсінгендіктерін ортаға салалады. Соңынан мұғалім қорытынды жасайды.

Дәйексөзді бірінші ұлбалалар, екінші қыз балалар қайталап айтады.
Оқып үйренейік

Ы.Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттарынан үзінді  алдын ала үйден  оқуға тапсырылған. Үзіндіні мұғалім оқушылармен бірге талдайды. Жақсы мен жаманды ой елегінен өткізуіне, белгілі бір қорытынды жасауына көмектеседі.

 
Ойланайық, пікірлесейік

—          Ыбырай Алтынсарин алдына қандай мақсат қойды?

—          Оның Николай Ивановичке жазған хатындағы көтерілген мәселелер  қаншалықты маңызды?

—          Қазақ тілінде оқытуға арналған бастауыш кітабын қандай өлеңнен бастады?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.
Шығармашылық жұмыс

Ы.Алтынсариннің хатын оқып, білім саласына сіңірген еңбегін адамзат тарихындағы алатын орны туралы орыс шығыстанушысы Ф.Соколовтың: «Ол халық өмірінің баыт-бағдарын зер салып, қадағалап отырды. Ол барлық күш-жігерін білім арқылы әрекет жасауға бағыттады», деген пікірімен байланыстырып, оның адам қызығарлық шығармашылықпен өмірін талдап, үлгі-өнеге ретінде насихаттайды.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. Дәптердегі тапсырмаларды орындайды
Жаңа ақпарат

Мұғалім сүйіспеншілік туралыы көптеген философтар, ұлы рухани ұстаздар, ақын-жазушылар мен педагогтардың көзқарастарының түрліше болғанына қарамстан, пікірлерінің ортақтығына назарларын аударту.

 
Топпен ән айту.

Серікбай Опановтың сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» әнін айту ұсынылады. Әннің мәтіні тақтада жазылады. Әуені үнтаспада қойылады.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді
Үй тапсырмасы.

Бердібек Соқпақбаевтың «Балапан торғай» атты әңгімесін алдын ала үйден  оқуға тапсырылады.

Күнделіктеріне  жазады.