Қыс қызықтары шығарма

Қыс қызықтары

 

Маған қыс мезгілі өте қатты ұнайды. Қыста дала аппақ күйге оранады. Ауа тазарады. Біздер  қар атысып ойнаймыз. Аққала жасаймыз. Таудан төмен қарай шанамен сырғанаймыз.

Әсіресе, маған отбасымызбен мұз айдынына барған ұнайды. Әкем маған шаңғы тебуді үйретеді. Ал, анам коньки тебуге көмектеседі. Басында мұзға құлап, аяғымды ауыртып алдым. Кейіннен талпынып, үйреніп кеттім. Қазір шаңғыны жақсы тебемін. Оған ата-анам дән риза.  Қыс мезгілінің ұнағаны соншалық, күн сайын қар жауып тұрса деп тілеймін. Қыс қызықтарын мұнымен таусылмақ емес.

Мен қысқы табиғат аясында суретке түскенді қатты ұнатамын. Соның ішінде ақ ұлпа қар жауып тұрған көрініс өте керемет!

 

Жанерке Жоламан Жәнібекқызы

№73 жалпы білім беретін орта мектептің 1 а сынып оқушысы

Жетекшісі Ерлепесова Ақмұнар Болатқызы