Жан қазынасы – адамгершілік негізі

Тақырыбы:  «Жан  қазынасы – адамгершілік  негізі».
Мақсаты:
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.  Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Әдеп», «әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, әдептіліктің сиқырлы сөздерімен танысу,өсиет – нақылдар,слайд.                                                                                                                                                                                                                                                              Барысы:                                                                                                                                                                                                                                      Әдеп
Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетті де білемін
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Апама айтып өкпесін.
1-оқушы
— Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Асыл қасиеттер жинағы адам бойынан табылуы керек ,бірақ біз бәріміз бірдей тұлғамыз деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине.Біздің жаратылысымыз бірдей ,бірақ тәрбие алып отырған ортамыз әртүрлі, демек  қасиет,әдеттерімізде бірдей емес.Олай болса АДАМ!
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым — кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол — біздің ата — анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата — баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала — барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.
Әдептілік әліппесі
( 6 оқушы кезекпен)
Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда —
Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің —
Сәлемдесіп, қол берем.
1-оқушы : Балалар «Сиқырлы сөздер»тізбегін жасайық.Оқушылар өздері білетін әдептілікке,адам бойындағы жақсы қасиеттерге арналған сөздер тізбегінен шеңбер жасайды.Мысалы: Сәлемдесу,сыйлау,қамқор болу, шыншыл болу,өтірік сйлемеу, құрмет көрсету, кешірімді болу,….т.б.
2-оқушы:Атам маған әманда
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда —
Мақтанбауды жөн көрем.
3-оқушы:Атам маған әманда
Әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда —
Жүрем тура жолменен.
4-оқушы:Өзгелерден өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді
Желпінгенім жоқ әлі.
5-оқушы:Қалдыратын ұятқа —
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа —
Тек шындықты көздеймін.                                                                                                                                Қойылым «Адамдықтың белгісі»
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
— Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
— Ешбір ғылым — білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым — қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
— Үлкендердің алдынан…… (кесіп өтуге болмайды.)
— Кішкене баланы…………….(жылатуға болмайды.)
— Құстарды………………………(атуға болмайды.)
— Қыз баланы……………………(ренжітуге болмайды.)
— Сабақтан………………………..(кешігуге болмайды.)
— Сыныпта………………………..(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
— Үлкен кісіні…………………..(сыйлау керек.)
— Үлкеннің тілін……………….(алу керек..)
— Үлкендерге……………………..(сәлем беру керек.)
— Кішілерді…………………………(қамқорлау керек.)
— Оқу құралдарын……………… (күтіп ұстау керек.)

Үлкен  алдында  иіліп  сөйле,

Кіші  алдында  сызылып сөйле.

Иіліп  сөйлегеннен  белің  бүгілмейді,

Сызылып  сөйлегеннен  сөзің  үзілмейді.

Адамгершілікті,  әдепті  болыңыздар.

Ән:  «Біз әдепті баламыз»                                                                                                                                        Осымен  «Жан  қазынасы – адамгершілік  негізі» атты  тәрбие сағатымыз  аяқталды.  Тәрбие  сағатымызға  қатысқандарыңызға   көп  рахмет.