Оқушының абстрактылы  – логикалық ойлау қабілетін дамыту

Оқушының абстрактылы  – логикалық ойлау қабілетін дамыту

 

Мақсаты: абстрактылы – логикалық ойлау қабілетін, қарым – қатынас амалдарын қолдана білу дағдысын дамыту.

Қажетті құрал – жабдықтар: доп, үлестірмелі материалдар, қарандаштар, өшіргіштер.

Сабақтың барысы

Сәлемдесу.       Ойын. «Біріккен сурет»

Әр оқушы тақтаға немесе ақ параққа алдңғы сызыққа қосып сызбалар салады. Нәтижесінде не шыққанын талдайды. Топпен бірге сол суретке тақырып оқюға болады.

Сабақтың мазмұны

12 жаттығу. «Мәнін анықтай білу қабілетін қалыптастыру»

Бұл жаттығу ойды белсендіруге, шешім табуға, абстрактілеудің белгілі бір деңгейін анықтауға көмектеседі.

Бала бойында түсініктердің мәндік белгілерін айқындай білу дағдысын қалыптастырудағы мұғалімнің  жұмысы абстрактылы – логикалық ойлау қабілетін дамытудың жоғарғы сатысы болып табылады.

Бұл жаттығуды орындау үшін мұғалім халық ауыз әдебиетіндегі материалдарды, мақал – мәтелдерді қолдана алады.

«Мен қазір бір мақал оқимын, ал  сен соның мәніне сәйкес келетін сөйлемді анықтауың қажет, мысалы,

 

Жеті рет өлшеп, бір рет кес

а) Егер өзің дұрыс кеспесең қайшыға өкпелемеу керек.

ә) Бір нәрсені істемес бұрын, жақсылап ойлану қажет.

б) Сатушы матаны жеті рет өлшеп, бір рет кесті.

 

Бұл жердегі дұрыс жауабы «Бір нәрсені істемес бұрын, жақсылап ойлану қажет», ал қалған екеуінің негізгі мәніне еш қатысы жоқ.

Тапсырмалар:

 

Асықпаған арбамен қоян алар

а) Асықпасаң, арбамен қоя ұстап аласың.

ә) Жұмысты жақсы істеу үшін, оны жақсылап ойластыру қажет.

б) Асыққанда ойлаған нәтижеңе жетпейсің.

 

Темірді қызған кезде соқ

а) Ұста темірді қызған кезде соғады.

ә) Егер жақсы мүмкіндіктер болса, оны сол уақытта пайдалану қажет.

б) Жұмысын асықпай істейтін ұста асығыс жасайтын ұстадан көп ұтады.

 

Бетің қисық болса,  айнаға өкпелеме

а) кінә өзіңнен болса, оны жағдайлардан көрудің қажеті жоқ.

ә) айнаның сапалылығы оның жиегінде емес, әйнектің сапасында

б) айна қисық ілулі тұр.

Ала жіпті аттама

а) жердегі ала жіпті аттауға болмай       ды

ә) өзгенің затын алып, ұрлық жасауға болмайды.

б) ала жіп жерде жатқан жылан болуы мүмкін

Жылтырағанның бәрі алтын емес         

а) әр кезде сыртқы келбет ішкі қасиеттерге сәйкес келмейді

ә) сары білезік алтын сияқты

б) бізге жақсы көрінгенмен ол ылғи да олай емес

 

Сергіту сәті.       Ойын «Паровоздар»

Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту

Топтағы барлық бала үш – үштен топтарға бөлінеді. Балалар бірінен соң бірі тұрып , алдыңғы тұрған оқушының белінен ұстайды. Бірінші оқушы «паровоз», екіншісі – «жолаушы», ал, үшіншісі «машинист». «Машинисттің» мақсаты – паровозды басқару, яғни соқтығыспау. «Жолаушы» «машинисттің» айтқандарын «паровозға» жеткізіп отырушы. Жалпы топтағы бір оқушы «диспечердің» ролін ойнайды. Ол шапалақтар арқылы паровоздардың жылдамдығын реттеп отырады.

Жүргізушінің басшылығымен балалардың ролі алмасады (бірінші бала үшіншіге). Маңыздысы, барлық бала барлық ролде болып көруі керек.

Ойын біткен соң балалардан қай ролді ойнаған оған ұнағанын, не себепті ұнағандығын сұрау қажет.

 

13 жаттығу. «Жалпылау»

Мақсаты: логикалық ойлау қабілетін дамыту

Балаларға үлестірмелер таратылып, ондағы берілген жалпы түсініктерді нақтылауды талап етеді.

Жемістер – олар…; көлік – олар …; музыкалық аспаптар – олар …; көкөністер – олар …; оқу құралдары — …; өсімдіктер – олар …; үй жануарлары  — олар …; жабайы жануарлар – олар …; жыл мезгілдері – олар …; гүлдер –   олар …;  тұрмыстық техникалар – олар … және т.б.

 

                Сабақты пысықтау.

  1. Бүгінгі сабақта немен таныстық?
  2. Сіздерге не ұнады?
  3. Сіздерге не ұнамады?
  4. Біз бұл ойындарды не үшін ойнаймыз?

 

      Қоштасу. Үй тапсырмасы: Өтілген тақырыпты ата – ана үйде баламен бірге қайталауға тиісті.