Армысың, Алтын күз!

Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі — береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 — жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 — жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 — жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 — жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Талғатқызы Аружан:
Күз — жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз — байлык, молшылық. Күз дегеніміз — қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс — жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Динара: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Анель: Нағыз Алтын күз — қыркүйек айы. Қыркүйек — ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз — мереке, күз дегеніміз — береке.
Бағдаулет: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Гүлбану: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
Айдана: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Көрініс: «Егінші мен қасқыр»
Автор: Ғалия
Егінші: Дулат
Қасқыр: Бейбарыс
Хадиша: Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған.
Қуаныш: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Манарбек: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Шашу шашты жапырақ!
Өмірбек: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан — алуан жапырақ
Күзгі бақыт күлімдеп
Көз тартады атырап.
Айсана: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме,
Күз деген мереке.
Зарина: Нағыз сары алтындай сары күз — қыркүйек айы. Ол еңбек — айы.
Азамат: Күзгі маусымның екінші айы — қазан. Бұл ай — мереке басы. Диқандар бұл айда сабантой жинайды.
Ойын:
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
• Әсем әуен ырғағымен Алтын күз аруларының элегант — шоуы демонстрацияланды.
Бағлан: Қарашы мына далаға,
Реңі сондай сары ала
Пісіпті алма балбырап,
Сарғайып жатыр бал құрақ.
Ақбота: Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған.
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.
Еңлік: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жемісі
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.
Ғалия: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Сания(Cлайд бойынша):
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.
Ерасыл: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
Бексұлтан: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.
Дайана: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Оның аты қызылша
Жей бер қарның тойғанша.
Дамир: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не десе де жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.
Інжу: Менің атым — қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 — қыркүйек — Білім күні.
22 — қыркүйек — Тіл мерекесі.
Жанель: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
Жалал: Күзім — ау, күзім — ау,
Мінезің бұзық — ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық — ау.
Бау — бақша тосады
Тосады, достарым.
Дастархан толған дәм,
Жайдары аспаным
Ойнаймыз, күлеміз,
Достықты білеміз.
Ақжол: Менің атым — қазан. Күзгі жиын — теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той — думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі — Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
Айғаным: Мұғалім — ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Мұхаммед — Әли: Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?
Бабалардың баласы — қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Ақжан: Менің атым — қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.
1жүргізуші: Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен..
Молшылық күз — береке күз,
Береке күз — мерекеміз!
2 — жүргізуші: Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
Аян: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.
Әсел: Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай,
Теңемессің сары алтынға.
1 — жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 — жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 — жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 — жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Ашық тәрбие сағатында бейнематериалдар, слайдтар пайдаланылды