Мектептегі сапалы білім көзі  — болашақтың кепілі

«Мектептегі сапалы білім көзі  — болашақтың кепілі»

 

Қоғам сұранысына сай мектепте сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі үшін химия, биология сабақтарында олардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға бағытталған шығармашылық жұмыстардың мәні зор. Мысалы химия сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту, біліктілікті дамыту арқылы ізденімпаздығын қалыптастыру – бұл оқыту үрдісін немесе технологиясын жетілдіруге маңызды,  атап айтқанда:

  • оқытудың мотивациясын арттырады (күрделілігіне сәйкес оқу материалын болжау, талдау, жұмыс нәтижесіне жету, шығармашылыққа ұмтылу, ізденуді қажетсіну, т.б.)
  • білімін практикада қолданады;
  • теориялық білімі тереңдей түседі;
  • әр оқушының жеке мүмкіндіктерін көрсетіп, дербес ойлануын дамытады.

Қазіргі уақыт талабы болып отырған жаңа педогогикалық технологиялардың  негізгі идеясы — әр оқушының жүрегіне терең үңіліп жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Сабақта оқушылардың өз бетімен ізденуіне, білімін дамытып, өзін-өзі анықтауына және бағалауына мүмкіндік жасау үшін мұғалім әр түрлі оқыту әдістерін қолдану қажет.

Өз сабақтарымда педагогикалық технологиялардың кейбір түрлерін, атап айтқанда

Б. Блум токсономиясын, сатылай талдау және бес түрлі технологияны біріктірген «Үш өлшемді әдістемелік жүйені» пайдаланып жүрмін. Мысалы, «Көпжасушалы жануарлардың тыныс алу жүйесі», аудандық семинарда көрсеткен «Өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюі», облыстық жаратылыстану пәндері олимпиадасында  өткізген «Омыртқалы жануарлардың тыныс алуы», т.б. тақырыптарды Б.Блум токсономиясын пайдалану арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Кез-келген мазмұнды толық меңгеру үшін  және нәтижеге жету үшін алты түрлі шағын мақсаттар тізбегі арқылы жүзеге аспақ:

Ал оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (ҮӘЖ) педагогикалық технологиясының талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен тұрады:

І – кезең мазмұнды меңгеруге дайындық кезеңі болса,

ІІ–кезең оқушы оқулықпен жұмыс жасай отырып білімді өз бетімен алуға дағдыланады. Aл мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық сутациялар туғызып, танымдық ізденімпаздығын басқарып, жетелеп отырады.

ІІІ-кезең бағалау, кері байланыс. Бұл нәтижеге бағытталған бөлім, қорытынды шығаруға арналады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: І, ІІ кезеңдерде деңгейлік тапсырмаларды орындап, қабілетіне қарай жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады.

Тақтада ашық журнал жүргізіліп, ұпай арқалы бағаланады. Өз тәжірибемде дәлелденгендей үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың аз көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға мүмкіндік алады. Ал ашық журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ  бағалауына ықпал етеді, әрі мұғалім бұл журнал арқылы сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейі туралы қорытынды жасайды.

Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда СТО технологиясының стратегияларын жүйелі пайдалану өз сабақтарымда қолданыс табуда.          (Слаид)     Сонымен бірге, СТО технологиясының әрқашан оқушыларға ескертіп отыратын философиялық қағидалалары бар

 

«Біз үшін барлық пікір құнды»

«Талқыланатын тақырыптан ауытқыма»

«Басқаның сөзін бөлме» Осы тұжырымдамалардың өзі оқушының бойында коммуникативтік құзыреттіліктің сапалы қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

-бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастырады.

                                                                        

 

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларының мол мүмкіндіктерін пайдалану:

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі.

Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі — «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.

Қоғамды жаппай ақпараттандыру кезеңінде білім беру жүйесінде интернеттің  мүмкіндіктерін  пайдалану міндеті тұр. Қазіргі таңдағы білім беруді  ақпараттандырудың маңызды факторы Интернет желісін пайдалану болып табылады. Интернет жүйесі білім алушының –

  • өз бетінше жұмыс жасау қабілеті мен оқу-танымдық белсенділігін арттырады;
  • ғылыми курсты терең, сапалы меңгеру мақсатын көздейді;
  • оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етеді;
  • мұғалім мен оқушы арасында интерактивті қарым-қатынас орнату үшін де интернет желісін пайдалануға болады.

Интернет – кез келген компьютермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде оқушыға әлемде болып жатқан әртүрлі құбылыс, оқиғалар жөнінде бейнелі көрнекі көрсетуге болады.

Ал көрнекілік  — сапалы білім берудің негізі.

 

 

Кез келген елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгi оның ғылыми әлеуетiмен өлшенедi. Елiмiз алдында инновациялық-индустриалдық  даму мiндетi тұрған кезде ғылымға артатын жүк те еселенiп отыр.

Қорыта айтқанда, қабілеті мол, дарынды оқушыларды дәл таба біліп, оларға жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдерін  және пәнге деген қызығуын арттыра білуіміз керек. Ең бастысы, оқушының табиғи талантын одан әрі дамытып, ерекше қабілеті бар баланы дарынға айналдыра білуіміз қажет. Сонда ғана өз қабілетінің арқасында бәсекелестікке, көшбасшылыққа, түрлі байқаулар мен ғылыми жобаларға қатысуға ұмтылысы жоғары дарынды балалар саны көбейеді.