Эссе «Ұстаз – ұлық емес, ұлы есім»

Эссе

«Ұстаз – ұлық емес, ұлы есім»

 

 

   «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»

Н.Ә.Назарбаев

 

 

Бүгінде біз қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өмір сүрудеміз. Мектептің және  мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың  XXI ғасыр талаптарына сәйкес келмеуі, жаһандануда жаңа технологияларды игермеуі, инклюзивті білім мен ақпарат ауқымының ұлғаймауы түрлі қиындықтар тудыруда.  Білім беру жүйесі заманауи көшбасшыдан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. ХХІ ғасырдың нағыз көшбасшысы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл — әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ көшбасшы күнбе- күнгі өзінің ұйымдыстыру қабілетінің көп қырлы әдістеріне сүйене отырып, әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы керек.

Қазіргі заманғы көшбасшы информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін, ынтымақтастық орта қалыптастырушы, ұжымының сеніміне ие бола алатын, оларға үнемі қолдау көрсететін жан-жақты кәсіби дамыған тұлға болу. Қазіргі мектеп директорларынан мектептің дамуын басқарумен қатар, бақылауды да талап етіп отыр. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.

Қорытындылай келе, «Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», — деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуцийдің сөзін ой елегінен өткізіп, өзгерістің бәрі де заманауи көшбасшыға кәсіби ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып өзгерісті өзімізден бастауымыз керек деп шештім. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр — білімділер ғасырында, біз ой өрісі жоғары дамыған, зерделі,  парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

 

 

Жанакунова Альмагул Байжумаевна

директордың оқу ісі орынбасары

Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, АСҮ №15 МИ