Көлемі бойынша ажыратуда математикалық терминдерді қолдану

Күні:

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: Көлемі бойынша ажыратуда математикалық терминдерді қолдану

Мақсаты: Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып, анықтап айтуға

Міндеттері: 1.Математикалық терминдерді қолдана отырып, заттардың көлемдерінің айырмашылығын атай білуді дамыту.

2.Кеңістік ұғымдарын бекіту.

3.Айналаны қоршаған заттардың бір-біріне айырмашылығын табуды үйрету.

Ұйымдастыру:топпен.

Көрнекілік:  таратпалы карточкалар

Билингвалдік  компонент  ұзын-, биік-

 

Әрекет кезеңі Тәрбиеші әрекеті

 

Баланың әрекеті Жағымды Жағымсыз
Мотивация «Математика деген елде,Шама деген қалада бір қиын жағдай болды.Бұр қала тұрғындарына көмек керек»дейді.

Шама деген қалаға барып,оның тұрғындарына тапсырмаларды орындау арқылы көмек көрсетуді ұсынады.

Сұрақтар қойып,жаттығу өткізеді.

-Егер үстел орындықтан биік болса,орындық қандай?Егер жол соқпақтан кең болса,соқпақ қандай ?Егер сызғыш қарындаштан ұзын болса,қарындаш қандай ?Егер арқан жіптен жуан болса,жіп қандай? Жарайсыңдар!Сендер Шама қаласына баруға дайынсыңдар!

Тәрбиеші хабарламасын қызығушылықпен орындайды.

 

Көмек беруге ынталанады.

 

Ойланып,сұрақтарға жауаптар береді.

   
Ізденіс

ұйымдастыру.

Балаларға төмендегі тапсырмаларды ұсынады.Орындалу ретін түсіндіріп,дұрыс орындалуын қадағалайды.

1.      «Салыстыр»тапсыма-жаттығуы.

2.      «Кім ,қай үйде тұрады?»тапсырма- ойыны.

3.      «Кім қандай?»тапсырма-ойыны.

4.      «Жайып қой»тапсырма-жаттығуы.

 

Тапсырмаларды орындайды.Ұзындығын өлшеу арқылы заттарды салыстырады.

Заттардың шамасын көз мөлшермен анықтайды.Заттарды пішіні мен еніне қарай салыстырады.

   
Рефлексия Шама деген қланың тұрғындарына қалай көмектескендері туралы қорытынды жасауды ұсынады. Тапсырманы жақсы орындағандары үшін Шама қаласының тұрғындарының атынан рахмет айтды.

Тұрғындардан тарту ұсынады.

Қорытынды шығарады.

 

 

Тұрғындарға алғыс айтады.

   

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:шамаларды анықтайтын  «биік-аласа,кең-тар,жуан-жіңішке,ұзын-қысқа»секілді сөздердің мағынасын;геометриялық пішіндерді.

Нені игерді: заттардың қасиеттері-пішіні,шамасы туралы түсінікті.

Нені біледі: биіктігі,ұзындығы,ені,қалыңдығы бойынша заттарды салыстыруды;заттардың арасындағы айырмашылықты түсіндіруді;заттардың шамасын көз мөлшермен анықтауды;ұзындығы,ені,биіктігі әртүрлі заттарды осы көрсеткіштері өсе беретін тәртіппен орналастыруды;өзінің ойларын айтып,дәлелдей алуды.