Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік

Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік.

Тақырыбы: «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты: Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру, мерекеге             көңіл- күй туғызу. Шырша әсемдігін, қыс қызығын сезіну, әсер алу қабілеттерін   жетілдіру. Ән орындау,би билеу,тақпақ айту арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ойыншықтар ілінген шырша,музыка орталығы,ұлпақарлар, кегли, доптар, мальберт,ватман, маркер.

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық

Жаса, жаса, достық, бірлік туыстық

Құттықтаймыз келер жылды алдағы

Ескі жылмен қоштасайық біз ыстық

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар келіп отырған қонақтар және әріптестер сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз, жанұяларыңызға бақыт тілейміз, аспанымыз ашық болып, еліміз көркейе берсін. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа нұр төгіп, тек қана жақсылықтар алып келсін.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Әр қанаттан кең алқапқа тарайды-демекші ортада 1-сыныптың ата-аналарын қарсы алайық.

Көрініс: «Барбоскины 158 серия»

Жүргізуші: Ендеше шын аяз атаны шақырайық

Балалар: Аяз ата-Аяз ата-Аяз ата!

Жүргізуші: Балалар аяз ата жалғыз келмейді, оның жанында кім бірге келуші еді? Ендеше Ақшақар деп бірге шақырайық.

 Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Амансыз ба қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем билерің.

Аяз Ата сендерге

Шаршап келді алыстан.

 

Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Ақшақардың құттықтауы

Жүргізуші: Ендеше кәне шыршаны ән айтып, би билеп айналайық. ХОРОВОД

Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер алыс жолдан шаршаған шығарсыздар, ендеше қазір біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар!

 

Би: «Жұлдыздар»

 

Жүргізуші:

Балалар мен бүлдіршіндер,

Қуанышқа тоймайық.

Мерекелік кешімізде,

Асыр салып ойнайық.       (ойын ойналады)

 

«Қарды қағып ал»

Шарты: Екі команда қатысады. Ойыншылардың бірі шелекпен қарды қағып алып отырады. Белгі берілген кезде қағаздан жасалған қарды лақтырып, шелекке түсіру керек. Қай команда көп қар жинаса, жеңіске жетеді.

 

Жүргізуші:
Қош келдің, Жаңа жыл!

Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадырап ән шырқап тербелейік.

Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,

Бәріміз тамаша  би билейік!-демекші оқушылар биыл кіріп жатқан қандай жыл?

Ендеше 1-сыныптың оқушыларын «Көңілді иттер» биімен қарсы алайық!

 

Тақпақтар: даярлық сынып

 

Ойын: ХОРОВОДТТА Аяз ата ойын ойнатады. Музыкамен билеп, Аяз атаның айтқанын орындайды.

 

Жүргізуші:

Жылға шашу шашамыз

Тойлап көңіл ашамыз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билеп ән саламыз

Би: «Буги-буги»

 

Ойын: «Әтештің бас киімі»

Ескі жыл: Елдар:

Ауылдастарым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осындай артығырақ,

Қарсы алыңдар ит жылын.

 

Тақпақтар: Ортаға  1-сынып оқушыларын шақырамыз аяз атаға дайындаған тақпақтарын айтады.

 

Ойын: «Жаңа жылдық боулинг»

Шарты: Екі командаға бөлінген оқушылар доппен боулингтарды құлату. Қай  боулингтер барлығы құлаған болса, сол команда жеңіске жетеді.

 

 

Би: Даярлық сыныптың орындауында «

 

Ойын: «Суретшіміз» төрт командаға  бөлініп, аяз атаның суретін салады.

 

ХОРОВОД: «В лесу радилась елочка»

 

Құттықтау сөзі: Мерекеміз Жаңа жыл

Тойында қызық думан бар!

Жаңа жыл – бұл Жаңа өмір,

Сайранда туыс-туғандар

Бақытты болып жыл сайын-

Осылай басты қосайық.

Ашық боп аспан әрдайым

Тыныштық тойын жасайық!-келесі сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Каркошева М.Т. берейік.