Армысың, қар ұшқыны

Өткізілген күні:

Білім беру саласы:Таным. Қатынас

Бөлімі: экология негіздері.

Тақырыбы: Армысың, қар ұшқыны.

Мақсаты: 1. Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.

  1. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
  2. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер: қыс туралы бейнетаспа, пластикалық терең, мөлдір қорапшалар, сүрткіштер, балалар санына жететін түтікшелер, қар ұшқыны.

Сөздк жұмыс: боран.

Билингвальды компанент: аяз — мороз, аппақ қар – белый снег, қыс – зима.

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық

қозғаушылық

1.Қар ұшқыны қонаққа келеді.

-Қайырлы таң! Қыстың аязды күнінде мен сендерді көргеніме қуаныштымын! Мен Қар ұшқынымын. Кәне, бәріміз қосылып, «Аппақ – аппақ жапалақтап» әнін шырқап жіберейік.

-Бұл әнде қай жыл мезгілі туралы айтылған?

-Қай жыл мезгілінде қар жауады?

Аяз- қатты суық.

 

Балалар шеңберге тұрып Қар ұшқынымен амандасады. Жақсы көңіл

күймен сабаққа кіріседі.

 

-Қыс.

-Қыста қар жауады.

Ұйымдастыру 

іздестіру   

 

1.Билингвальды компонент; аяз-мороз, аппақ қар-белый снег, қыс-зима.

2. Слайдтарды көрсетіп тұрып, қыс мезгілі және осы мезгілде болатын құбылыстар туралы әңгімелейді.

1-слайд.

-Жапалақтап ақша қар,

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

2-слайд.

-Айнала аппақ қар болды.Адамдар жылы киінеді.Тіпті жануарлар да қыстың келгеніне қуанатын сияқты. Олардың да түстері өзгеріп кетіпті. Қоянды байқай алмайсын. Оның тоны аппақ қар сияқты.

3-слайд.

-Бұтақтан – бұтаққа ұшып – қонып жүрген көк шымшық , суықторғайларды көруге болады. Оларға қыста жем табу қиынға түеді. Сондықтан адамдар жемсауыт жасап, оларды қоректендіреді.

4-слайд.

-Аяз, суық болса да қыстыгүні балалар түрлі ойын ойнайды. Жануарлар дақарды қызық көреді. Мысалы, мына мысыққа қараңдаршы. Қармен берін жуып жатқан сияқты немесе қарды қызықтап тұр.

 

Осылайша қалған слайдтар көрсетіледі.

-Қыста күн суық, аяз болады. Боран – қарды, топырақты бұрқыратып соғатын қатты жел. Қыста ақ түтек боран соғады. Ондай күні далада ойнауға болмайды.

4.Тыныс алуға арналған «Боран» ойыны.

Пластикалық мөлдір, терең қораптар,а ұсақ қағаздарды салады. Сонан соң қорапшаға түтікшені салып, оны үрлейді.

5.Динамикалық үзіліс.

Музыка әуенімен «Қар ұшқыны» биін билету.

6. «Қыс пен жаздың айырмашылығы» ойыны.

Қайталайды.

 

Қыс мезгілі туралы білетіндерін айтады. Педагогтің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Рефлексивті-түзетушілік Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады. Сұрақтарға жауап береді. Бір – бірінің жауаптарын тыңдайды.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: слайдтарды көріп, қыс мезгілі туралы әңгімелеуге берілген тапсырманы.

Түсінеді: қыс мезгілінде болатын табиғат құбылыстары туралы берілген мәліметтерді.

Қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік дағдыларын.