Бала құқығы

Тақырыбы: Бала құқығы

Мақсаты: ата-аналар мен мектептің байланысын күшейту, ата-аналарды мектептің тәрбие

жұмыстарына тарту; ата-аналарға бала құқығы жайлы кең мағлұмат беру, бала

тәрбиесіне толыққанды көңіл бөлуге шақыру.

 

Жоспары:

1.Адам мен отбасы.

  1. Бала құқығы дегеніміз не?
  2. Балалар құқығының декларациясы жайлы.
  3. Тақырыпқа байланысты бейнебаян көру.
  4. Бейнебаян бойынша пікірталас.
  5. Ой қорыту. Пікір тыңдау.

 

Барысы:

 

                                      Ананың сүюі.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.                  Ы. Алтынсарин.

 

Отбасы- ұлт рухының айнасы. …Отбасы кішкентай мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған. Әдетте, жақсылықтың бәрі отбасынан басталады.Отбасының толық болуы маңызды: үш ұрпақ өкілі болса, тіпті тамаша. Атасы, әкесі және баласы. Олар шаңырақта бір-бірін тәрбиелеу үшін өте қажет.Егер атаң болса, ол ақыл айта білсе- ол ғаламат дүние. Ортаңғы ұрпақ өкілі белағаш сияқты, әкесіне жасаған құрметін келешекте баласы өзіне жасайды. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді».Көзбен көрген тәрбиенің, сөзбен емес, іспен берген тірбиенің күші қандай ғаламат. Осыны түсініп, отбасы өмірін рухани байытуға, отбасының береке-бірлігін көбірек ойлауға, балаға ұлттық негіздегі дұрыс тәрбие бере білуге, қоғамдық орындарда дұрыс жүре білуге үйретудің маңызы зор.

Берілген сұрақтар көлемінде ой бөлісу: -Отбасы дегеніміз не?

  • Бала сізден қандай тәрбие алып жатыр деп ойлайсыз?
  • Сіздің тәрбиеңіз бен мектеп тәрбиесі сәйкес келе ме?
  • Сіз балаңызды қай кезде тәрбиелейсіз?
  • Аға ұрпақ тәрбиесі мен бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде нендей айырмашылық бар?
  • Сіздің кезіңізде өзіне-өзі қол жұмсау факторлары болды ма, қазір неге көп деп ойлайсыз?
  • Бала құқығы дегеніміз не?

Баланың құқығы. Баланың міндеті. Ата-ананың міндеті мен құқығы. (Аталған тақырыптар бойынша ата-ана пікірін білу. Жазбаша. Оқып шығу.Түйіндеу.)

Балалар құқығының декларациясы БҰҰ 1959 ж.20 қарашадағы Бас Ассамблеясының 1386 резолюциясымен жарияланған. Бас ассамблея аталған «Б.Қ.Д-сын» балалардың бақытты балалық щағын және осында қаралған құқықтар мен бостандықтарды өзінің, қоғамның игілігіне қолдауын қамтамасыз ету мақсатында жариялайды және ата-аналарды ерлер мен әйелдерді, ерікті қоғамдарды, жергілікті өкімет пен ұлттық үкіметтерді осы құқықтар мен бостандықтарды төмендегі қағидаларға сай заңды түрде танып, сақтауға шақырады.

Балның құқықтары туралы Конвенция бойынша бала деп-ұлттық заңдарда қаралған кәмелет жасы ертерек туатын жағдайлардан басқа кезде 18 жасқа толмаған адам танылады.

 

Бала құқылы:

-өмір сүруге;

-өзінің аты-жөнін, азаматтығын алуға;

-ата-анасынан айрылмау құқығы;

-өз пікірін білдіру бостандығы;

— ой, ождан, дін бостандығы;

-білім алу және кәсіби дайындық бостандығы;

— денсаулығын сақтау құқығы;

Осы Конвенцияның негізінде 2002 ж. 8 тамызда елімізде дербес «Қ.Р. баланың құқықтары туралы Заң» қабылданды.

«Бала арманы» бейнебаянын тамашалау және мазмұны бойынша ой бөлісу.

-отбасындағы ересектер арсындағы қарым-қатынас жайлы не айта аласыз?

— ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас жайлы?

— бала неге ондай жұмысқа барды?

— бала арманы не еді?

— баланы суреттей аласыз ба? (мінезі, өзін-өзі ұстауы т.б.)

— ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс қандай?

— баланың адамгершілігі қай дәрежеде деп ойлайсыз?

— бала жаны нені қажет етеді?

— ата-ананың қателігін мойындауы, олар қандай кемшілік жіберген?

Тақырып бойынша білген, үйренген, білетін, көргеніміз бойынша ой қорыту.

            «Құқық», «Денсаулық», «Білім», «Жанұя» тақырыптары бойынша топтасып жұмыс жасайды.