Қош келдің – Жаңа жыл!

Тақырыбы:  «Қош келдің – Жаңа жыл!»

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің ерекшелігін түсіндіру, мерекені сезіне білуге, бір-бірін сыйлап, тыңдай білуге, құрметтей білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Түрі: ертеңгілік

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген залға музыка ырғағымен сәнді киінген балалар мен Аяз Ата және Ақшақар залға кіреді.

Ақшақар:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

 

Аяз Ата:  — Құрметті балалар, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Балалардың сәлемдесуі: 2-сынып оқушылары:

Дәурен: Жаңа жыл шыршасы жанады,

Қызыққа адамдар батады.

Сиқырға сенетін адамға,

Жаңа жыл есігін ашады.

Нұрайым: Жаңа жыл қызығын тойлайық,

Қуаныш өзара сыйлайық.

Бұл залға жиналған барша жұрт

Би билеп, ән айтып, ойнайық!

 Бағжанат: Бөленіп мол әнге, мол жырға.

Жаңа жыл шыршасы жарқыра,

Достарды мейрамға шақырып,

 Арманын олардың орында.

Мағжан: Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.

Аружан: Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Доңыз жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

 

Жанерке: Барлық жандар бір білекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Ақжол: Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жаңа жылды би билеп,

Әнмен қарсы алайық!

Аяз ата : — Келіңдер, балалар, барлығымыз бірге шыршамызды айнала «Шырша жырын» салайық.

ХОР: «Шырша жыры»  шыршаны айнала айтылады.

Аяз ата: — Балалар, мен сендерге бүгін жаңалықтар әкелдім. Егер жаңалық сендерге ұнаса «алақай!» дейсіңдер, ұнамаса «ой-ой!» дейсіңдер.

  • Бүгін бізде жаңа жыл мерекесі
  • Жаңа жыл мерекесіне көңілді қыздар келді
  • Бұл мерекеге тәртіпсіз ұлдар келді
  • Кешіріңіздер ұлдар тәртіпті екен
  • Барлық қыздар жақсы оқиды екен
  • Жаңа жыл мерекесінен кейін демалысқа шығамыз
  • Демалыс 1-ақ күн болады екен
  • Жоқ 1 апта демаласыңдар

-Ақша қар: — Балалар, мен осында келе жатқанымда бір досымды жоғалтып алдым. Сөйтсем ол бұзылып қалған екен. Маған соны құрап беруге көмектесесіңдер ме? Ендеше, 3-сынып оқушыларын ортаға шақырамын.

(оқушылар қағаз бөліктерінен мультфильм кейіпкері аққаланы құрап шығуы керек)

 

Аяз ата: — Балалар, сендер жаңа жылға арнап жаңа ән үйренгілерің келе ме? Ендеше барлығымыз бірге ән салайық!

(әнді бір екі рет қайталап жаңа жыл туралы ән айтып шығады)

Ақшақар ойыны: «Күлдіргіш»
Әрбір ойыншы бір есімнен алады, мысалы, мұз, ойыншық, қар, шырша,қарбаба, т.б. Жүргізуші барлығын айналып жүріп, түрлі сұрақтар қояды: «- Сен кімсің? — Шырша. — Бүгін қандай мейрам? — Мұз. — Мынауың не? (мұрнын көрсетіп) – Ойыншық, -Жаңа жылда не болғың келеді?-Бала кезінде сәған қандай ләқап ат қойып мазақтаған?… . Әрбір ойыншы барлық сұраққа өзіне берілген «есіммен» жауап беруі тиіс, және де ол сөзді қажетінше септеуіне болады. Оған қоса, жауап бергенде, күлуге тыйым салынады. Кім күліп жіберсе, ойыннан шығады.

 

Аяз ата ойыны: Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге
Мен бастаймын, ал сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге….
Балалар: Аязата!

Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар: Әдемі!

Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын — күлкі таралсын
Құтты болсын…..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

 

Ақшақардың биі: — Қане, менің кішкентай қарша қыздарым, менімен бірге қар биін билейік.

(ақшақар киімін киген қыздар ортаға шығып, би қимылдарын қайталай отырып, би билейді)

 

Аяз ата ойыны: «Қалың қолғап» Ата-аналармен бірге ойналады. 2-3 ата-ана балаларымен бірге ортаға келеді. Аналары қолдарына қалың қолғап киеді де балаларын киіндіреді. 1 мин уақыт беріледі.

Ақша қар:1-сынып оқуышыларына жұмбақтар жасыру:

  1. Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп               ( Аяз)

  1. Суда қалқиды,

Жылыда балқиды                         ( Мұз)

  1. Қыста шыны болып қатады,

Жылыда су болып жатады            ( Мұз айдыны)

  1. Аспаннан ақ ұлпа борады,

Қырқаны сейсепке орады.            ( Қар)

  1. Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым                      ( Шаңғы)

  1. Қанаты жоқ ұшады

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды                            ( Боран)

  1. Зулап түстім төменге

Менсіз шықпас төбеге                  ( Шана)

 

Аяз ата ойыны: «Шар үрлеу».  Үрленген шарлардан аққала құрау.

3-4 бала ортаға шығады. 30 сек. Тез шар үрлеуден жарысады.

( 4-сын оқушыларына ойнатуға болады.)

Ақшақар ойыны: «Әртүрлі шыршалар». Орманда шыршалар өседі: қалың, сирек, аласа, биік болып. Осы сөздерді айтқанда балалар қимылмен көрсетеді. Сөздерді шатастырып, айтып, балаларды шатастыру қажет.

 

Ақшақар ойыны: «Ұлпа қарлар». 3-4 бала ортаға келеді. Мақтадан қар ұлпасын жасап, жерге түсірмей үрлеу керек. Кім түсіреді, ойыннан шығады.

 

 Аяз ата ойыны: Аяз ата әрбір баланың жанына барғанда жаңа жылға қатысты бір сөз айтуы керек.

 

Видео көрсету: «Отшашу»

 

Құттықтау сөз: мектеп әкімшілігі

 

Ақшақар: Ән тындап, би биледік бүгін тойда,
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық,
Жаңа жыл құтты болсын баршамызға!

 

 Аяз ата: Құтты болсын Жаңа жыл, қалың елім,

Құтқа орансын кең байтақ дархан жерім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

     Жаңа жыл жаңа өмір, жаңа лебін!

 

Аяз-ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе ?

Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош сау болыңдар!