Сиқырланған орман

Сабақтың тақырыбы: «Сиқырланған орман»

Сабақтың түрі:Кіріктірмелі саяхат сабақ.

Сабақтың мақсаты:

1)Балалардың экологиялық білімдерін бекіту(Д/о:«Қандай ағаш екенін тап») және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға,яғни 5 көлеміндегі сандарды санауға,таңбасын көрсете білуге(Д/о:«Не,нешеу?»),геометриялық пішіндерді дұрыс танып атай білуге (Сиқырланған тастар) және заттарды көлемі жағынан салыстыра алуын бекіту.

2)Балалардың логикалық ойлауын дамыту (Не қайда тұрады?Қай ағаштың жапырағы?),саусақ бұлшық еттерінің жетілуін жаттықтыру.(Ойын массаж: «Сылдыр су;Көпір құрастырайық») арқылы балалардың іс-әрекетке қызығушылығын,белсенділігін арттыру.

3)Әртүрлі әрекет жасау барысында тәрбиешіні мұқият тыңдай білуге және ұжымдық қарым-қатынас кезінде өзара сыйластыққа баулу.Өздерін қоршаған ортасын табиғатты аялауға,оған қамқор болуға,экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы.

Шаттық шеңбер!

 

Армысың қайырымды Аспан-ата!

Армысың мейірімді Жер-ана!

Армысың шұғылалы Алтын күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Бәріміз күндей жарқырайық

Бәріміз дос болайық

Бәріміз тату болайық!

 

Шармен ұшып хат келу.

Балалар бұл кімнен болды екен,кәне алып оқиын-деп хатты алып балаларға оқып беру:

«Саламатсыздар ма балалар!Сіздерге орман иесі орманшы хат жазып отыр.Біздің орманды қатігез сиқыршы сиқырлап тастады.Орман енді мұңды және көңілсіз.Мен сіздерден көмек сұраймын.Егер сіздер,барлық тапсырмаларды орындасаңыздар орманның сиқыры өз күшін жояды.Асығыңыздар,мен сіздерді күтемін».Балалар орманшыға көмектесеміз бе?

Балалар «иә» дейді.

Балалар орманға бармас бұрын,алдымен орман ережесін есімізге түсіріп алайық. «Орман ережесі» проектардан қараймыз.

 

Міне өзенге де жеттік.

Өзен қандай балалар? (жіңішке,жалпақ)

Балалар өзеннің арғы бетін қалай өтуге болады? (жүзіп өтеміз,қайықпен өтеміз,көпір арқылы өтеміз)

Дұрыс-ақ,мына жерде көп кірпіштер жатыр екен,осылардан көпір жасайық,кірпіштерді қалай қоюға болады. (жалпағынан қоямыз)

Мыналар қандай түсті кірпіштер (сары,қызыл)

Жарайсыңдар,сендер сондай ақылды,еңбекқор балалар екенсіңдер,көпірді әдемі жасадыңдар.

Енді балалар мына ағып жатқан мөлдір суға жуынып,серігіп қалайықшы.

Су-су-су

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсаң сен әрдайым

Аппақ бетің маңдайың

Балыққа да құсқа да,

Ормандағы талға да,

Жиектегі гүлге де,

Мысықпенен барысқа да,

Кішкентай бөбекке де,

Әрқашанда әркезде,

Көмектесер су бізге.

Салқын суға шайынып,

Бір сергіп біз қалайық

Ағып жатқан қандай су?Жылға.

Жылға жуан ба,жіңішке ме?Жіңішке

Балалар жылғадан қалай өтуге болады?Аттап өтеміз.

Бұл қандай орман?Қандай қараңғы,көңілсіз және зеріктірерлік.Құстардың әні де,шөптердің сыбдыры да,құрт-құмырсқалардың ызыңы да естілмейді.Бұл орманға  қалай  да көмектесу керек.

Балалар қараңдаршы қатыгез сиқыршы ағаштарды да сиқырлап тастапты,сиқырлағаны сондай ағаштар өз аттарын ұмытып қалыпты.

Қанеки оларға аттарын есіне түсіруге көмектесейік-деу.

Ағаштардың аттарын есіне түсіргізу (аққайың,емен,үйеңкі,шырша)

Бәрекелді балалар,орман ағаштары жанданып әдемілене түсті.

Ал,енді осы ағаштардың ішінде қай ағаштың діңі қалың? (емен)

Қай ағаштікі жіңішке? (аққайың)

Балалар сиқыршы қатты жел соқтырып,ағаштардың жапырағын араластырып жіберіпті.Кәне әр ағаштың жапырағын тауып алайық.

Қай талдың жапырағын алдың? (емен)

Неге  ұқсайды? (сопақша)

Жұлдыз сенің қолыңда қай ағаштың жапырағы? (аққайың үшбұрышқа ұқсайды)

Нұрай сен қандай ағаштың жапырағын алдың?(үйеңкі,жұлдызшаға)

Кәне балалар,енді жапырақтарымызды ағаштарымызға сай сәйккестендіріп ілейік.

Қараңдаршы балалар ағаштардың қандай ортақ ұқсастықтары бар?Діңі,бұтағы,жапырағы.

Аққайыңның шыршадан қандай айырмашылығы бар?Аққайыңның діңі ақ,жапырағы бар,ал шыршаның қылқаншалары бар.

Балалар қараңдаршы сиқыршы жануарлар,құстар, су асты әлемін араластырып жіберген.Соны біз дұрыс тауып,жануарларды құтқаруға көмектесейік.

Тоқылдақ нені мекендейді?Ағашты,ағаштарды құрт-құмырсқалардан тазартады.Біз бұны қандай құс деп айтамыз?Санитар құс.

Аю суда өмір сүре ме?Жоқ ол жерді мекендейді.

Енді балалар біз жануар ,құстарды өз мекендеріне орналастырайық.

Балалар мынау неғылған себет? Кәне ішінде не бар екен қарайық.(сәбіз,таңқурай,балық,сүйек)

Бұл кімнің сүйікті асы?Сәбіз-қоян.Таңбасын қою.

Кәне бой жазып денемізді сергітіп алайықшы.

 

Көбелектің көбін-ай

Қызылын-ай,көгін-ай,

Бәрін ұстап алар ем

Жолдастардың жоғын-ай.

Суда балық жүзіп жүр,

Бір-біріне еріп жүр,

Қармағымның жоғын-ай

Бәрі бірдей өріп жүр.

Қарап едім жоғары,

Құстар ұшып барады.

Бақшадағы біздердей

Олар да әнге салады.

Қараңдаршы, балалар құмырсқа қайда бара жатыр?Бұлаққа.Сиқыршы бұлақты тастармен жауып тастапты.Құмырсқалар еңбектеніп бұлақтың көзін ашуға тырысуда. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей құмырсқалар еңбектеніп тастарды қозғауға тырысуда.Келіңдер көмектесейік деп,бұлақтың көзінен тастарды алу.Айнара сен қандай пішінді тасты алдың?Үшбұрыш.Тастарымызды жиекке қояйық.

Бұлақтан су ағу.Балалардың көңілдері көтеріліп қуануда.

Ойын «Ұшамыз,жүземіз,жүгіреміз»

Сазан,ұшақ,бақа,көбелек,ара,қоян,қарға.Музыкадан құстардың үні, ағаштардың шуылы,судың сыбдыры естіліп,күн жарқырап шығады.

Міне балалар біздер сиқыршының барлық тапсырмасын орындағасын орман іші жап-жарық,күніміз жарқырап шығып,құстар ұшып келіп,көбелектер гүлге қонып,жәндіктер тіріліп,бізге рахмет айтып жатыр.Балалар сендер бүгін көп еңбектеніп көптеген тапсырмаларды орындадыңыздар.Сендер орманды құтқаруға көмектестіңіздер.Орманшының қалдырған сыйын балаларға таратып беру.

 

 

Қорытынды:

Балалар біздер қайда бардық?Орманға

Кімге көмектестік?Орманшыға

Орманда біздер нелерге көмектестік?Аю,қоян,құс,құмырсқа.

Орманға барған сіздерге ұнады ма?Иә.