Тәрбиеленушілердің логикасын дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы
Тәрбиеленушілердің логикасын дамытуға арналған психологиялық ойын-жаттығу сабағы.
Өткізілген күні : 29.10.2018ж.
Өткізілген топ : «Балдәурен»
Мақсаты : Тәрбиеленушілердің логикасын дамыту.
Міндеті : Ойын арқылы логиканы дамытуға үйрету.
Қажетті материалдар : доп.
- Сәлемдесу .
Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,психолог допты алып өз есіміне жылы сөз қосып айтып,қасындағы балаға береді.Жаттығу осылай жалғаса береді.
- «Кім жылдам» логикалық есеп-жаттығуы.
Үстел үстінде 4 алма тұр.Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды.Үстел үстінде неше алма қалды?
Қоянға,түлкіге,аюға үш түрлі жалауша жасап берді-қызыл,сары,көк.Қояндағы жалауша қызыл емес,түлкідегі қызыл да,көк те емес.Кімнің жалаушасы қандай?
Айгүлдің алдында 3 зат тұр:шелек,доп,қуыршақ.Допты қозғамай қалай шетке қоюға болады?
- «Ине мен жіп» ойыны.
Психолог балаларға мен ине боламын,ал сендер жіпсіңдер дейді.Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар.Қазір бәріміз үзілмей жүреміз.Кім жіпті үзсе сол ойынан шығып отырады.
Педагог – психолог Ж.Д.Рамазанова