Мақал -сөздің мәйегі

Тақырыбы: Мақал -сөздің мәйегі.
Сабақтың мақсаты: Мақал-мәтелдерді дұрыс қолдана білуге, әдептілікке, ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, мақал- мәтелдер.
Түрі: пікірсайыс
Ой ашар жасау:
Топқа бөлініп, әр топқа мақалшының берген тапсырмасы таратылады.
Мақалшы кескіндеменің сөзі:
Қымбатты оқушылар, қазақ халқының би, шешендері бір ауыз ұтымды сөзбен, оралымды, келісті мақал-мәтелмен небір үлкен дау –дамайларды шешкен .Сондықтан да мақал-мәтелдерді үйрену, оның мағынасын түсіну – сендерді қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге, шебер де, әдемі сөйлеуге үйретеді.
ІІ Негізі бөлім.
Мақал-мәтелдердің мағынасын талқылаудан бастаған сабақ әрі қарай жүйелене береді.
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалған ауыз-әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.. Мақал-мәтелдер -қай халықтың да жан -дүниесінің, мінез –бітімінің, тыныс-тірлігінің айнасы.
Мақал –мәтелдер халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймай, оны уақыт созған сайын құнын артып, сарқылмас қазына екенін де білдіреді. Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары -өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік. Мақал-мәтелдер — халық мұрасы.
1. Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жарысы:
1. Отан туралы
2. Еңбек туралы
3. Оқу- білім туралы
4. Су туралы
5. Бала туралы
2. Жалғасын тап. (мақалдың алғашқы жолы айтылады, келесі жолын ойыншы жалғастырады):

 

  1. Атанның баласы болма… (Адамның баласы бол)
    2. Досы жоқ адам… (тұзы жоқ тағам)
    3. Бір көрген біліс… (екі көрген таныс)
    4. Қай жерің ауырса… (жаның сол жерде)
    5. Жақсылық ағаш басында… (жамандық аяқ астында) т.б.

 

  1. Мақал –мәтелдер айтысы.. Сәлеметсіз бе «Көрген жерде ауыл бар», деп келіп қалдық.
    «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем  береді,»- демекші, қалыңыз қалай?
    . «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» дегендей, қандай әдепті баласындар!
    . «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады,» — деуші еді, келіңіздер, төрге шығыңыздар, қонақ болып кетіңіздер.
    . «Жат асына қарайды, дос басына қарайды,» — деуші еді аталарымыз, қысылмаңыздар.
    . «Қонағың сыйласа, төрге шық», — дегендей, төрге шығайық.
    «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше», демекші таныса отырайық.
    «Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл»,- деген, есіміңіз кім болады?             Қорытындылау. Әрдайым сіздер мақал- мәтелдерді ауызекі сөзде қолданыңыздар!