«Алғыс айту парызым!» – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт

«Алғыс айту парызым!» – атты Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт

 

І-жүргізуші:Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті қонақтар және ұстаздар!

«Алғыс айту парызым!» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбымен өткен ХХІІ сессиясының ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Алғыс айту күнін мерекелеу туралы айтқан болатын.Қазақстан шын мәнінде ұлы жұттан басталған зобалаңнан бастап, одан кейінгі Ұлы Отан соғысы сұрапылында туған жерлерінен үдере көшкен сан-мың ұлысқа ортақ шаңырақ болды. Олар осы жерде өздеріне жайлы орта тапты, жанұялы болды, өсіп-өнді. Мұндайда алыстағының өзі бауырың, туысыңа айналады. Қазақ елінде өмір сүріп жатқан кез-келген ұлт қазақты өз бауырындай көреді. Сондықтан, оларға алғыстан басқа айтары жоқ. Біздің елімізге жолдамамен қызметке жіберілген қаншама партия, кеңес қызметкерлері болды. Олардың өзі Қазақстанды туған еліндей көреді. Жазған естеліктерінде қазақ даласын, ондағы адамдар туралы құрметпен еске алады.

 

І жүргізуші:1 — наурыз Алғыс айту күніне арналған кешіміздегі сөз кезегін мектебіміздің директоры Г.Жумагуловаға береміз.

 

І Жүргізуші Сонау 30-жылдардың соңында үдере көшу саясаты құрбандарының бүгінде үшінші ұрпағы елімізде, егемен елімізде өмір сүруде. Олар туралы әркез жылы сөздер айтылуда. Алайда, жан-жарасы әлі де ұмытылар емес.

«Сталин режимінде әр жылдары, өздеріңіз білетіндей, халықтар түгелдей жер аударылды. Оларды вагондардан ауылдарға тастап кете берді, олардың еш дүниесі болған жоқ. Сол уақытта бұл далада өздері мұқтаж бола отырып, оларды саман үйлеріне қабылдаған қазақтар, қазақ отбасылары ғана өмір сүрді», – деген болатын ел Президенті.

Рас, сол жылдары бүкіл қазақ отбасы арып-ашып келген жандарды құшақ жая қарсы алып жатты. Олардың ұрпақтары бүгінде ержетіп, есейді. Мұндайда алғыс айтқанды ұмытпаған абзал. Бүгінде олардың бәрі «Мың алғыс, қазақ халқына!» дейді.

Ән: «Дос болайық бәріміз»                Орындайтын: Балауса вокал үйірмесі

 

ІІ жүргізуші:Біріншіден Елбасымызға алғыс айтқымыз келеді. Халқымыз бүгінгі таңда Тәуелсіздігін алып, бақытты өмірге келіп отыр, осының бәрі өткен күрестің жемісі. Бұл жерде Елбасының елімізде мызғымас татулық орнатып, бүлдіршіндерімізді бейбіт күннің астында өмір сүруіне жағдай жасап отырғандығы ақиқат.

Ән: «Елбасым елбағым»       Орындайтын:  Балауса вокал үйірмесі

Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау –Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

Сахнада Құралай би тобы орындауында «Қазақ биі» қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.

1 жүргізуші:Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Ендеше ауыл қарттарына сөз беріледі.

Ән:   «Ақ мамам»               Орындайтын: Алмас Айтімов, Кенесов Ернұр

2 Жүргізуші

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын

Татулығын жырға қосам ұлттардың

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін

Бүгінгі қүн — нұрлы күн

Жарық шашқан әлемге

Ескеретін күн бүгін

Ризашылық қой әр елде

Өлең жолдары.

Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.
Тірлікке бастаусыңдар тұнық бұлақ,
Таң шапақ сәулесіңдер жарық шырақ.
Жүз көрер айнасыңдар шаң қонбаған,
Жайдары жаз күніндей жанға шуақ.

 

«Сіз», «біз» деген жылы сөз –

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез,

Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әркез жаны ашып,

Осы бір шырын – тәттілік,

Тұрмай ма жанға жарасып

Баршаға керек жақсылық!

Қызғанбай бөліп алыңыз!

«Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі.

Аллаға әуелі рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, өсірген

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан.

 

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусындатқан.

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан.

 

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.

Жарыма айтам мың алғыс!

Сыйлаған ұл-қыз, түсінген.

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.

1 -жүргізуші:Құрметті қонақтар, сіздерді бүкіл мектеп ұжымы атынан, мектеп оқушыларының атынан көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен аялы алақан, жылы лебіздеріңіз  үшін басымызды иіп, рахметімізді айтамыз. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.

Ән: «Әке ана»                           Орындайтын: Бақытұлы Ілияс

 

2 -жүргізуші:Бүгінгі мерекелік шарамызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық:

Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;

Әлемде Егемен Қазақстан бар;

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;

Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;

Ең бастысы —бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.

Сол күнге берік сенім бар!

    Би:   Қазақстан           Орындайтын: Құрлай би тобы

1 жүргізуші: осымен «Алғыс айту парызым!» атты мерекелік кешіміз аяқталды.