Тәуелсіз Қазақстан Ашық сабақ
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, рәміздерімен, салт- дәстүрімен таныстыра отырып алған білімдерін тиянақтау, сайыс ретінде пысықтай отырып қорытындылау.
2.Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамыту, сауатты жазуға, сөздік қорын кеңейту, салыстыруға, ізденуге баулу.
3.Тәрбиелік: еліміздің білімді, адал, өнегелі, алғыр азаматтары мен азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың көрнекілігі: ҚР картасы, рәміздер, суреттер, слайдтар, мақал – мәтелдер.
Сабақтың ұраны:«Отан деген-атамекен, Отан деген- туған жер!».
Сабақтың барысы: 1.Сәлемдесу, ұйымдастыру кезеңі.(1мин)
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты , ұраны туралы айту. Сабақ сайыс ретінде өтеді. (1мин)
- Таныстыру .(2мин)
І-топ «Отан» ұраны: «Отанды біз сүйеміз,
Отан үшін күйеміз»
ІІ- топ «Атамекен» ұраны: «Атамекен алтын ту,
Оны биік ұстап жүр»
4.Тірек сызбаны толтырындар. (3мин)
- Тақырыпқа байланысты монолог құру. (5 мин)
І-топ «Отан» ІІ- топ «Атамекен»
6.Ережені қайталау Зат есім (5 мин)
Морфологиялық таладау.
І-топ «Отан» ІІ- топ «Атамекен»
Зат есім
Сөз
дер |
дара
|
күрде
лі |
негізгі | туынды | жалпы | жалқы | деректі | дерексіз |
ОТАН | ||||||||
АТАМЕКЕН |
- Мақал- мәтелдер жарысы. (5 мин)
Отан, туған жер, еңбек т.б тақырыпқа арналған мақал- мәтелдерді айту.
- Кіші Отан туралы сұрақ- жауап сайысы. (5 мин)
- Топ басшы сайысы. (5 мин)
І-топ «Отан» ІІ- топ «Атамекен»
Елтаңба ТУ
Қалған оқушылар тест тапсырманы орындайды. Музыка.
- «Полиглот» сайысы-(5 мин) Тәуелсіз- независимость- , Егемен- суверенность- , Отан- Родина- , мемлекет- государство- Әнұран- гимн- , ту- флаг- , елтаңба- герб- , Ата Заң- Конституция — , Ұлт- национальность-
- Қорытынды «Бәйге»- әр топқа мұғалім сұрақ қояды.
Оқушылар жылдам жауап беру керек. (5 мин)
12 Үй жұмысы: «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Бағалау. (3мин)