Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік шапағаты» сценарий

 

Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік шапағаты» сценарий.

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

Мұғалім. Ардақты оқушылар, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

ҚР Гимні орындалсын.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

 

 

Ең алдымен бізге қонаққа Есік қорғанынан табылған қазақ тарихының «алтын » куәгері Алтын адам келе жатқанын айтамыз.Қазіргі айтылатын мәліметтерге мән беріп отырыңыздар. Алтын адамның сұрақтары да сол туралы болады.

Елбасының  жүрген жолына саяхат жасау –ол әрине, балалық шағынан бастау алады.

Ендеше, бала Сұлтанның қандай болғанына назар аударайық. Елбасының балалық шағы туралы Видео ролик көрсетіледі.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.(1-слайд)

Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». (2-слайд)
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдайды (3-слайд)
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. (4-слайд)

Мұғалім:  «Бала Нұрсұлтан қандай болған?»

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе сыныбымыздың оқушылары арқылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оқушы, студенттік, қызметтегі кезеңдері туралы бірге білейік.

Мұғалім: Бүгін біз Елбасымыздың өмір жолы мен қызметтері туралы сөз қозғаймыз. Өздеріңе қосымша дайындалуды тапсырғанмын. Кім қандай мәлімет жинастырды?

Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Мына табельдерінен метептегі оқу үлгерімін қарауға да болады.

Ал қандай істермен айналысқанды ұнатты екен?

 

Ол кісі күрес үйірмесінде болды. Домбырамен ән айтқанды жақсы көреді. Атқа жақсы шабады.

1960 жылы Украинада техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын бітірген.

Еңбек жолын қайдан басталы?

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

Сонда біздің елбасы темір балқытушы болған ба?

Ия, дұрыс айтасың 1960—1969 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды,партком хатшысы болды.

Партком деген не?

Партия мемлекет пен адамдарды бірлестіретін ұйым. Партком сол партиядағы жұмыс. Сол кезде жақсы жұмысшылар партия хатшылары болған. Ал анау, партия билеті. Түсінікті ме?

Елбасымыз әр түрлі қызметті жақсы атқарып, соңғы жылдары

1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. Осы жылы  — Қазақ КСР президенті болды.

Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар, 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті. Бүгінгі сабақ жемісті болды, рахмет.

Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын!

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн

Артта қалды бодан болған азап күн

Елім, жерім қазағым деп тебіренем

Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Қазақ халқының тұтқасын Нұрсұлтандай ер ұстағаннан кейін Қазақ елінің тарихының жаңа парақтары жазылды.

 

 

Ия, Елбасымыз жаңа тарихымызды асқан сүйспеншілікпен және зор жауапкершілікпен жалғастырды. Елбасымыздың төл туындыларының бірі- елордамыз, жас қаламыз, бас қаламыз – Астана.
Ошақтың аяғы үшеуі болғанымен ұлт біреу.
Ұлт тағдырын ойлауымыз керек.
Ұлттық теңгеміз өз бабында.
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Өз бағымызда бастан теппейік ағайын.
Қазақстан — Ақ Ордасының іші халқына құт болсын, ынтымақ, бейбітшілік ордасына айналсын.

Біздің Отанымыз қазір қалыптасу кезеңінде. Ал, біз жарқын болашақтың ұрпақтарымыз. Олай болса, біз — «Мен Қазақпын» -, деп  мақтанатын ұрпақтармыз. Алтын Адам да бізге келіп жетті. Ендеше Қазақ елі жасасын!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№21 ЖОББМ КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып сағаты:

«Тәуелсіздік шапағаты»

 

                          Сынып: 8А

Сынып жетекшісі: М.К.Каримова