ЭКОЛОГИЯ НЕ

ЭКОЛОГИЯ  НЕ ?

Экология-биология ғылымдарьның көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына еңгізген австриялық ғалым-биолог Э.Геккель еді. Экология — гректің (ойкос — үй, тұрақ, мекен жөне логос — ғылым), казақша тірі ағзьшардың тіршілік ететін ортасы мек қарым-қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай-ақ, тірі ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.

Экология туралы түсініктерді егжей-тегжейлі биология ғылымдарының докторы профессор Ж.Жатканбаевтың » Экология терминдерінің түсіндірме сөздігі» деген енбегінде жазылған.Ол түсіндірме сөздікті окып шыкқан адам қаншама ғылыми білім алады десеңізші!
Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген енбегінде (1866) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді. Орыс ғалымы К.Ф. Рулье осыған байланысты «Экология терминін» биология ғылымына еңгізген Э.Геккель екеніне өзінше сенімсіздік білдірді.
Экологиялық зерттеулер ортағасырда (XVII) ағылшынның ұлы ғалым-биологы Чарльз Дарвин «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы» атты еңбегінде биология ғылымдарында күтпеген жаңалық аша отырып, экология ғылымының дербестігіне жол береді.

Э.Геккелдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әрі қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері белгіленді. Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кенейте отырып (адам — биосфера — қоғам) биосфера ортасындағы карым-қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс-әрекетімен байланыстыра огырып зерттейтін комплексті ғылымға айналды. Экология ғылымы жоғары деңгейге көтеріле түсті.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым-қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биологиялық ғылымдармен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географилық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық
құрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлсмдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера-қоғам арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының осы кездегі мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология — ағзалардың арасында болатын (особьтар, түр, түр-аралық, популяция, аралық биоценоз, биогеоценоз) қарым-қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадан өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.
Ал экология ғылымының ең басты мақсаты — биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам — қоғам — биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адам-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу мөлшері — биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяция, биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктік, маусымдық, жылдық ырғағы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары:

  1. Ағзалардың бір-бірімен қарым-қатынастары мен айналаны
    коршаған табиғи ортасы.
    2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты
    туындайтын өзгерістері.
    3. Табиғат ресурстары, оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми- теориялық негіздері.
    4. Адам — биосфера — қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу.
    5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.
    6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды әлемдік нооэкологиялық деңгейге көтеру болып есептелінеді.
    Экология — биология ғылымдарының негізінде XIX ғасырдың аяғында айқындала болғанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басы болып саналады.

Алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз ерте ғасырларда өмір сүрген Эмподокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст сияқты философтар мен табиғат зерттеушілерінің еңбектерін көреміз. (1-кесте). Биосфера кұбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, химиялық бейімделушіліктерді оның айналаны қоршаған биосфералық ортасына тәуелді екендігі экологиялық — биологиялық тұрғыдан зерттеледі.
Экология ғылымдарының пайда болуын, дамуын жене осы кездегі жағдайын бірнеше кезеңге бөлуге болады.