Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

Күні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:  Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

1)Тікентерілілер типіне жататын жәндіктердің  тіршілігі мен құрылысы, табиғаттағы және адам өміріндегі  рөлі туралы   түсінік  беру.

2) әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.

3) тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту. дүниетанымдарын кеңейту,  логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Көрнекілік: Оқулықтағы суреттерді пайдалану. «Тікентерілілердің сан алуандығы беунеленген суреттер».

Сабақ типі: аралас сипатта

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, баяндау.

Сабақ барысы:

 

  І. Ұйымдастыру.

Амандасу, кезекші есебін тыңдау.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • 46 мазмұнын сұрау. Тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
  • Бунақденелілер неліктен буынааяқтылар типіне жатқызылған?
  • Буынаяқтыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?
  • Бунақденеліліер қалай көбейеді?
  • Көкқасқа шегіртке неге өте қауіпті зиянкес жәндік болып саналады?
  • Бунақденелілердің табиғаттағы рөлі қөандай?

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Тікентерілілер – дернәсілдері екжақты, ересектері сәулелі симметриялы, соңғы ауызды, көпжасушалы теңіз жәндіктері. Дене пішіні шар тәрізді, тармақты, құртқа ұқсас созылыңқы болып келеді. Әктенген қаңқалары болады.  Әктен түзілген ішкі ұшкір ұштары денеден шығып тұратындықтан, тікентерілілер деп аталған.Бұлардың өзіне тән ерекшелігі – сутүтікті жүйе. Тікентерілілер сутүтікті жүйенің жәрдемімен қозғалып жүреді, тыныс алады, зәр шығарады. Бұлшықеттері біраз жамыған. Сәулелі құрылысты жүйке жүйесі бар. Сезім мүшесі нашар дамыған. Қантарату жүйесі – екі шеңберлі тамырлар. Оның біріншісі – ауызды, екіншісі аналь тесігін қоршайды. Асқорыту жүйесі ауыздан басталып, аналь тесігімен аяқталады. Кейбір түрлерінде аналь тесігі болмайды. Олардың жыныстық мүшесінің  құрылысы әр түрлі болып келеді. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да  бар. Күрделі өзгерістермен дамиды. Дернәсілдері – екіжақты симметриялы , суда еркін жүзеді. Ересектері су түбінде баяу қозғалады.  Ғаламшарымызда 6000 түрі мәлім. Тікентерілілердің бізге көбірек таныс үш класы бар.

 

 

Тікентерілілер

теңіз жұлдыздары                                                         теіңз қиярлары  

                                                    теіңз кірпілері            

 

 

ІV.Бекіту.

  1. Неліктен тікентерілілер аталған ?
  2. Сутүтікшелі жүйе деген не ?
  3. Табиғаттағы рөлі қандай ?

 

  1. Бағалау

Әр оқушының жауаптарына, белсенділігіне қарай талдап бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма беру
  • 48 оқу.
  • Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап беру.
  • 228 беттегі кестені толтыру