Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары

 

 

Биология пәнінің мұғалімі Ахметова Инкар Мынбаевна

«Менің педагогикалық ұстанымым: мәні, құндылықтары, басымдылықтары»

Менің педагогикалық ұстанымым

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма

еш нәрсе үйретпеймін — тек қана олардың

оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн

 

«Адам ұрпағымен мың жасайды»-дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.

Бүгінгі әлемде білім беру ісіндегі жоспарлаудың маңыздылығын айта келіп, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі оның білімінің көрсеткішімен белгіленеді».

Білімдену жүйесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу әдістеріне тәуелді.

Еліміздегі өзгерістер мен білім беру жүйесінде болып жатқан жаңалықтар «мектептің жүрегі» ұстаздардың  алдына жауапты да маңызды міндет қойып отыр.
Абай атамыз: «бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және өзі жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Себебі баланың үш мезгілі ұстазбен өтеді. ХХI ғасырға оқушыларды қалай даярлаймыз, қалай оқытамыз, білімді қалай береміз, міне, осы сұрақтар мұғалімді күнде мазалап жүруі керек.
Мектептегі оқушыларға сапалы білім беру нәтижесі мұғалімнің ұстанымы.
Менің педагогикалық ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Әрине, тек өз пәнінді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу да қажет. Шәкірттеріміз мектепте алған білімін қоғамда қолдана білсе, нұр үстіне нұр емес пе?! Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі оқушылар, ертеңгі қоғамның мүшелері.Бірі- дәрігер, бірі- экономист, бірі- тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады. ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанда, оқушыларымыз да сол технологияларды үздік игеретін,заман талабына сай шәкірттерге білім беруіміз керек. Сондықтан да мұғалім мамандығына талап жоғары болады. Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сенім артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау — біздің борышымыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу -бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушысы. Сол себепті ұстаздың ауыр жүгін арқалауды бақыт санайтын жандардың бірі-менмін. Ұстаз болу, ұстаздық игі істі жалғастыру менің арманым.

Біраз уақыттан бері осы бір ауыр да қызық, қуанышты жүкті арқалап келемін.

Біздің алдымызда көздері жәудіреген, жанары мөлдір бұлақтай таза бүлдіршіндер отыр. Солардың көздеріндегі үміт пен ұшқынды сөндіріп алмай, сол ұшқынның ары қарай жарқырауына көңіл бөлуге міндеттімін.

ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры. Білім! Білімді болу!

Бұл-бүгінгі таңның басты ұраны! Осыған орай ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ тәрбиелеп жүргеніме қуанамын.

Мен үшін даңқ та, ақша да маңызды емес, шәкірт тәрбиелеу, сөзімді бағалайтын ұрпақ болса- сол маңызды. Қорытындылай келе, Ұстаз бақыты- білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. «Шәкіртсіз- ұстаз тұл»- демекші, оқушыларым бар да, мен де бармын. Міне менің ұстанымым, құндылығым осы деп есептеймін.