Тәуелсіздік – Тәңір берген сый

Тәуелсіздік – Тәңір берген сый.

 

Мен сенемін жастарға

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін! – деп жырлаған еді қазақтың асыл азаматы – Мағжан Жұмабаев.

 

Ақынның осы сенімін қазақ жастары ақтай білді, әлі де ақтай береді деген сенімдемін.Бүгінгі тәуелсіздігіміз 1986 жылдың қаһарлы күндерінде шырылдаған жастардың жан айқайы, Отанына деген перзенттік парызын өтеу жолында қасықтай қанын төге білумен келді. «Жаным – арманымның садағасы» деген жастарымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа өшпес үлгі болып қалды.

Иә, «Біз – тәуелсіз елміз» деп айтуға оңай, әрине, осы тәуелсіздікті уыстан шығармай, елдігімізді сақтап қалу – тағы да жастардың еншісінде. Ол үшін әр жастың, әр қазақ баласының:

Бойында – намыс,

Ары – таза,

Білімі – жан – жақты,

Рухы – күшті,

Иманы берік, дініне, тіліне деген құрмет күшті болу керек. Осындай жастардан тұратын мемлекеттің ғана тәуелсіздігі мәңгі болмақ.

«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бойына біткен шыдамдылық, сабырлылық, тәубешілік сияқты қасиетінің арқасында қандай қиыншылықты болсын жеңіп шыға білді. Шындығына келсек, Тәуелсіздік – қазақ еліне Тәңірінің берген баға жетпес сыйы.

Тәуелсіздігімізге тәубе етейік, шүкіршілік дейік. Ұлы дала елінің тәуелсіздігі мәңгілік болсын деп тілейік!

 

 

 

 

 

Хмельницкий жалпы білім беру орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: Сесер Лайла Сесерқызы