Бастауышым – балбұлағым

Бастауышым – балбұлағым!

 

1-жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Ендеше ортаға ұстазымыз Мейрамгүл Мұратқызын шақырамыз.

Мұғалім сөз сөйлейді.

2-жүргізуші:          Армысыздар, ағайын!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.

1-жүргізуші:          Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

2-жүргізуші:          Алғаш рет өзіңнен

Білім алды балалар

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар.

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді – дей келе ортаға 4 «Б» сынып оқушыларын шақырайық(«КҮН  НҰРЫ» презентация)

Оқушылар бірін – бірі таныстырады.

Хор: Ұстазым

1-оқушы:      Мұғалім – бұл адамның ардақты аты

Білімді бар биікке шығар саты

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін

2-оқушы:      Ұстаз деген қасиетті адам бар

Біле білсең, сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,

Мәні менен мағынасын білмес ең.

Ән: Шәкірт тілегі

1-оқушы:      Мектеп – сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп – сенсің жамандықтан жиренткен

Мектеп – сенсің жақсылықты ұран ғып

Мектеп – сенсің мені жұртқа сыйлы еткен

2-оқушы:      Мектеп  деген — білім кені, жыр кені

Мектеп  деген — ғылымның ең үлкені

Мектеп деген- тәрбиеші адамға

Мектеп деген – даналардың мекені

 

КӨРІНІС: «Менің атым-Қожа»

 

1-жүргізуші:           Мінеки осы сияқты біздің сыныпта да түрлі қызықты сәттер болған.

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші:Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемдей қыздар гүл атты,
Мың бұралған билеген.

БИ: Попури

1-жүргізуші:Өзіңдікі – елің де,

Өзіңдікі – жерің де

Өзіңді-өзің еткен бе

Тәуелсіздік төрінде- біздің бақытты балалық шақта өмір сүріп,

жарқын елдің болашағы болып, тыныш өмір сүріп келе жатқанымыз Тәуелсіз мемлекетіміздің, Елбасымыздың арқасы, біз Қазақстанның бүлдіршіндері болғанымызды мақтан тұтамыз.

 

Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп, уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Олай болса, заманға иленбей, заманды биле, алғыр жас!

БИ: «Көк тудың желбірегені»

2-жүргізуші: Оқуды еткен жан басты ұғым

Іздеген бақытын табады

Өзіңе тапсырдым жас буын

Білімнің кілтін бұл бағалы –дей келе біз «Бастауыш сатыдағы»

білім кілтін артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарымызға табыстап кетейік

Кілт тапсырушы: Әрдайым білімнің шыңынан көрініп, мектебіміздің, ұстаздарыңның, ата-аналарыңның намысын асқақтата беріңдер!

Оқушы: Біз әрдайым сіздер сияқты тек білімнің, өнердің биігінен көрінеміз деп сіздерге уәде береміз!

 

2-жүргізуші: Біз бүгінгі бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді мына бір әнмен аяқтасақ дейміз!

«Сыныптастар, құрдастар»

 

 

Cынып жетекшісі: Күнслямова Мейрамгүл Мұратқызы

«№35 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі