Әбдіраштың Жарасқаны «Ыбырай»

Пәннің аты: әдебиеттік оқу Уақыты: Кабинет: Мұғалім: Есіл Жұмагүл Балтабайқызы
Сабақтың атауы  Әбдіраштың Жарасқаны «Ыбырай»
Мақсаты

 

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқып, түсініп, негізгі ойды анықтап талдай алуына ықпал ету.

Өлең мазмұнын түсініп, өзара талдап, ой түйеді.

 

Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Алғашқы ұстаз, «Кел, балалар, оқылық»,- деп ұран тастаған кім еді?

-Ыбырай Алтынсарин.

-Ол кім?

-Тұңғыш педагог, алғашқы Әліпбидің авторы, балалар жазушысы …

-Дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз Әбдіраштың Жарасқаны жазған «Ыбырай» атты өлеңімен танысамыз.

Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс:

а) Өлеңді тізбектеп оқиды.

ә) іштен оқып, мазмұнын жұпта өзара талдайды

б) «Ұлы болып кетсек те ұлы ұстазға шәкіртпіз» мағынасын ашу. (балалар өз ойларын ортаға салып, түсіндіреді)

 

Сергіту сәті Мал киiмi ысталған,

Дәмi дәмдi ұсталған.  (Мес)

 

Сұйық едi аппақ,

Бауырдай боп қатыпты,

Iшсең дәмi тәттi ақ.   (Айран)

 

Аппақ ас, сызы бар,

Балалар қызығар.    (Балмұздақ)

 

Мұз сынды түрi,

Тәттi дәмнiң бiрi.   (Науат)

 

Дәптермен жұмыс Көркем жазу.

Ыы

Ыбырай

Ыбырай Алтынсарин — ең алғашқы қазақтың  ұстазы.

жаттығу жазбаша орындалады. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қою. Сөздерге талдау жасау.

Кім?                Кімдер?

ұстаз             ұстаздар

сіңлі               сіңлілер

дос                 достар

дәрігер          дәрігерлер

жаттығу (ауызша) №2 жазба дәптермен жұмыс.

Ортаға екі оқушы шығады. Бірінші оқушы не? сұрағына жауап беретін суреттерді жинайды. Екінші оқушы кім? сұрағына жауап беретін суреттерді жинайды. Тапқан суреттерінен сюжетті сурет құрастырады. Мысалы: Күн аспанда.

Ойын: «Кім жылдам?» Ойынның шарты: Берілген буындардан сөз құрап, көптік жалғауларын сөздерге сәйкестендіру.

Кім?                     Кімдер?

бала                     балалар

оқушы                 інілер

іні                        оқушылар

әнші                     сырнайшылар

сырнайшы           әншілер

адам                     адамдар

 

Ой толғаныс

Оқушылардың сабақта заттың атын білдіретін сөздер және Ы.Алтынсарин туралы алған білімдерін бекіту.
Үйге тапсырма Өлеңді жаттап, мәнерлеп оқуға дайындалу

 

Күнделіктеріне жазып алу.