«Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында өтілетін интеллектуалды сайыс

Қазақстан Республикасының 22 қыркүйек  — тілдер мерекесіне орай «Қазығұрт» жалпы орта мектебінде 3-4 бастауыш сыныптары арасында «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында өтілетін интеллектуалды сайысының жоспары. 

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындата отырып, өз ойларын үш тілде жеткізе білу, сауатты жазып, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Сайыс кезеңдері:

 

1 Таныстыру (топ аты, ұраны)

  1. «Өлең — сөздің патшасы» (үш тілде өлең оқу
  2. «Иә немесе жоқ» (сұрақ – жауап)
  3. «Адасқан сөзге жол сілте…»
  4. «Баспалдақ» (жұмбақтың шешуін үш тілде айту
  5. «Талапкер» (көп нүктенің орнына сөз қойып, үш тілде

айту)

  1. «Ұшқыр ой»
  2. Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі:            Егембердиева М.

 

 

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатын (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды сайысымызды бастаймыз. Бұл сайысқа мектебіміздің  3 «А», 3 «Ә» және 4 «А», 4 «Ә» сынып оқушылары қатысады. Бүгін сіздер осы уақытқа дейін алған білімдеріңізді көрсетіп, ортаға саласыздар.

Алдымен сайысымызды бастамас бұрын шартымен таныстырып өтейін.

Сайыс жеті кезеңнен тұрады.

Сайыстың жоспары:

 

1 Таныстыру (топ аты, ұраны)

  1. «Өлең сөздің патшасы» (үш тілде өлең оқу
  2. «Иә немесе жоқ» (сұрақ – жауап)
  3. «Адасқан сөзге жол сілте…»
  4. «Баспалдақ» (жұмбақтың шешуін үш тілде айту
  5. «Талапкер» (көп нүктенің орнына сөз қойып, үш тілде

айту)

  1. «Ұшқыр ой» деп аталады. Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады, жылдам жауап беруге тырысыңыздар.

Ендеше осы сайыстың әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.

 

Әділқазылар:

1.

2.

3.

Сіздерге сәттілік тілей отырып. сайысымызды бастаймыз

І кезең  — «Таныстыру» әр топ өз атын және ұранымен таныстырып өтсе алдымен 3 сынып оқушыларынан бастаймыз

ІІ кезең «Өлең – сөздің патшасы» деп аталады бұл кезеңде сайысқа түсіп жатқан әр топ үш тілде өлең шумақтардан айту керек.

Міне енді үшінші кезеңімізге жетіп қалдық.

ІІІ кезеңіміз «Иә неме жоқ» деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа 5 сұрақтан қоямын, дұрыс болса ия, бұрыс болса жоқ деген жауап қайтарасыңдар. әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.

І топтың сұрақтары.
1) Шылау сөйлем мүшесі бола ма? (жоқ)

2) В предложений глагол бывает сказуемым? (да)

3) Англияның астанасы Гастинг қаласы ма? (жоқ)

4) « Раst Simple» — дегеніміз осы шақ. (жоқ)
5) Қазақ тілінде жалғаудың бес түрі бар (жоқ)

 

ІІ тотың сұрақтары
1)Омонимы одинаково пишутся и однаково звучат? (да)
2) Ағылшын тілінде 44 – дыбыс бар. (иә)
3) Қазақ тілінде сегіз сөз табы бар? ( жоқ)
4) «Pen – friends» сөзінің аудармасы « қаламдас достар» (иә)
5) – лау, — леу, — дау, — деу, — тау, — теу салыстырмалы шырай жұрнақтары ма? (иә)

ІІІ топтың сұрақтары
1. Фонетика изучает состав слова? (нет)
2– ған, — ген, — қан, — кен есімшенің жұрнақтарыма? (иә)
3.  Англияның астанасы Лондон (иә)

  1. Антонимы слова противоположного значения? (да)

    5. «Parents» дегеніміз достар? (жоқ)

    6. «Әлдекім, кейбіреу» белгісіздік есімдіктері ме? ( иә)
    7. 8. Ағылшын тілінде 30 әріп бар? ( жоқ)
    9. 10. «Past continuous» дегеніміз созылмалы осы шақ? (ия)
    4 « Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа жұмбақтар жасырылған ұяшықтар беріледі. Оқушылар ұяшықты таңдап, жұмбақтың шешуін тауып оны орыс және ағылшын тілдеріне аудару керек. Толық әрі дұрыс жауапқа 50 – ұпай беріледі.

    4 кезең XXI, ғасыры, техника, ғасыр.
    “Ақпарат”, латын, алынған, термині, тілінен.
    Ақпарат, газет, радио, телевизия, журнал, интернет, құралдарына, жатады.
    “Қазақтелеком”, байланыс, көрсететін, қызметін, кәсіпорын.
    Фототелеграфтық, “факс”, байланыс, деп, аталады.

 

5 кезең  Жұмбақтар:
1) Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат, байлауынан бір босамас қызыл ат. (Тіл, язык, language)
2) Қабат – қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап, книга, book)
3) Жаза – жаза жалықпаған, жазу жазып арықтаған. ( бор, мел, chalk)
4) Тілдерімен жүреді, уақыт біледі. (Сағат, часы, clock)
5) Аппақ дала, қара дән,
Сепкен дәнін түсінуге жараған. (әріп, буква, letter)
6) Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың. (Мектеп, школа, school)
7) Жылт – жылт еткен, жылғадан өткен,
Базарды басқан, кентті кешкен (Су, вода, water)
8) Мамықтай ұлпа, қанттай ақ, қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар, снег, snow)
9) Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың (Тұз, соль, salt)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. ( Қоян, заяц, rabbit)

 

 

 

Ойынымыздың алтыншы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

1. … өріп тараған,
… қараған.
Құрт пен майын жинаған,
… сыйлаған.

2. … қошақан ,
… қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
… аумайды.

3. … бала әрқашан,
Қуантады … .
Құлыным деп анасы,
… баласын.

7 -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.

«                   » тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«                          » тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)

«                   » тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)

Қорытынды:  Сөз кезегін әділ қазы алқаларына береміз