Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі

Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетіоліре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.

Міндеттері: Ата-аналардың оқу орнымен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және мақал-мәтелдер жазылған плакат, т.б.

Әістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы.
  2. Топқа бөлу.
  3. «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік туралы» қағидалар. Аяқталмаған мақалдар.
  4. Ой жинақтау.
  5. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
  6. Жағдаяттар.
  7. Тест «Бала тәрбиесі»
  8. «Ашық айтсам …» анкетасы.
  9. Қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Мұғалімнің сөзі:

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ана тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу, мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақрасаң,

Жамандықтан қақпасаң.

Қадірден дұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші —  ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығыуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?

  1. Топқа бөлу.

Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер        бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Тақырып: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік» мақал-мәтелдер жарысы, аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау.
  2. Ой жинақтау.

Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

І топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

ІІ топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

ІІІ топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?

5.«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

  1. Балаңыздың туған күні?
  2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
  3. Балаңыздың парталас көршісі кім?
  4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?
  5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
  6. Балаңыз кеше қандай баға алды?
  7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
  8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
  9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
  10. Балаңызды еркелетіп қандай жылы сөздер айтасыз?
  11. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз келеді?
  12. Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді:

  1. Жағдаяттар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
  2. Баламен сөйлесе білу де өнер. Балаңыз сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
  3. Сізге оқу орнындағы мұғалімдерден «Сіздің қызыңыз басқа қыздарға қысым көрсетеді» деген бірнеше шағым айтылды. Не істейсіз? Қызыңызды қалай тәрбиелейсіз?
  4. Қызыңыз сабақтан қашып, сабақтан ерте келеді, не істейсіз?
  5. Қызыңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
  6. Қызыңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, оқу орнына келіп тұрасыз. Куратор сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әркетіңіз?
  7. Тест «Бала тәрбиесі»

Ата-аналардан тест алынып, нәтижесі талданады.

  1. «Ашық айтсам …» анкетасы.

Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады

Сабақтың жүргізілген күні_______________________________________

Менің тренинтік есімім__________________________________________

Менің тренинг барысында түйгенім_____________________________

Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады___________________________

Жүргізушіге ұсыныс__________________________________________

Маған ең пайдалы, құнды болған________________________________

Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер_____________________

Маған ұнамағаны_____________________________________________

Ең жақсы ұнағаны____________________________________________

Тренинг жүргізуші  сізге ұнады ма?_____________________________

Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам_______________________

Тренингті қорытындылау______________________________________

Қолы_______________________________________________________

  1. Қорытынды.

Ата-анаға көз жұбаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп қуаныш

Гүлденіп ой өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екндігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне  екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық:  «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішекентайынан түзу тәрбие бер». Осыны ұмытпайық.