Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі
Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі
Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетіоліре отырып, қарым-қатынас орнату және ұлттық сананы бойына сіңіру.
Міндеттері: Ата-аналардың оқу орнымен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам, доп және мақал-мәтелдер жазылған плакат, т.б.
Әістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.
ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:
- «Танысу» жаттығуы.
- Топқа бөлу.
- «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік туралы» қағидалар. Аяқталмаған мақалдар.
- Ой жинақтау.
- «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
- Жағдаяттар.
- Тест «Бала тәрбиесі»
- «Ашық айтсам …» анкетасы.
- Қорытынды.
ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:
Мұғалімнің сөзі:
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!
Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер! Ата-ана тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу, мен еңбектегі табыстары.
Баланы бастан бақрасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірден дұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші — ата-ана.
- «Танысу» жаттығыуы.
Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.
Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
- Топқа бөлу.
Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.
- Тақырып: «Ата-ана мен бала арасындағы психологиялық үйлесімділік» мақал-мәтелдер жарысы, аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау.
- Ой жинақтау.
Үш топқа тақырып беріледі. Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
І топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
ІІ топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
ІІІ топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?
5.«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:
- Балаңыздың туған күні?
- Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
- Балаңыздың парталас көршісі кім?
- Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?
- Балаңыздың сүйікті асы қандай?
- Балаңыз кеше қандай баға алды?
- Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
- Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
- Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
- Балаңызды еркелетіп қандай жылы сөздер айтасыз?
- Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз келеді?
- Балаңыздың ең жақын досы кім?
Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді:
- Жағдаяттар.
Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.
- Балаңыздың өнері қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
- Баламен сөйлесе білу де өнер. Балаңыз сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
- Сізге оқу орнындағы мұғалімдерден «Сіздің қызыңыз басқа қыздарға қысым көрсетеді» деген бірнеше шағым айтылды. Не істейсіз? Қызыңызды қалай тәрбиелейсіз?
- Қызыңыз сабақтан қашып, сабақтан ерте келеді, не істейсіз?
- Қызыңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?
- Қызыңыздың сабағы, тәртібі жайлы білгіңіз келіп, оқу орнына келіп тұрасыз. Куратор сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әркетіңіз?
- Тест «Бала тәрбиесі»
Ата-аналардан тест алынып, нәтижесі талданады.
- «Ашық айтсам …» анкетасы.
Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып толтырылады
Сабақтың жүргізілген күні_______________________________________
Менің тренинтік есімім__________________________________________
Менің тренинг барысында түйгенім_____________________________
Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады___________________________
Жүргізушіге ұсыныс__________________________________________
Маған ең пайдалы, құнды болған________________________________
Мен бұдан да ашық, шынайы болар едім, егер_____________________
Маған ұнамағаны_____________________________________________
Ең жақсы ұнағаны____________________________________________
Тренинг жүргізуші сізге ұнады ма?_____________________________
Тренинг жүргізушінің орнында мен болсам_______________________
Тренингті қорытындылау______________________________________
Қолы_______________________________________________________
- Қорытынды.
Ата-анаға көз жұбаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп қуаныш
Гүлденіп ой өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екндігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізде ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішекентайынан түзу тәрбие бер». Осыны ұмытпайық.