Ұйқышыл
Күні:9.09 | Әдебиеттік оқу | 3-сынып | ||
Сабақтың тақырыбы: | Ұйқышыл | |||
Жалпы мақсаты: | мысалды түсініп оқып ,өмірмен байланыстыра білуді үйренеді. | |||
Сілтеме: | Мүғалімге арналған нұсқаулық. Тұрғынбаева Б.А,Муфтибекова З
Алматыкітап баспасы,2014ж дидактикалық материал . |
|||
Күтілетін нәтиже: | мысалды түсініп оқып ,өмірмен байланыстырад,ұйқының жаман әдет екенін түсінеді. Топта жұмыс істей алады. | |||
Негізгі идеялар: | Тақырыпты терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. | |||
Сабақта қолданылатын материалдар: | Үлестірмелі материалдар: А4 форматты қағаздар, маркерлер, өздік жұмыс дәптері, стикерлер, жұмыс дәптерлері ,оқушыларды жақсы жұмыс жасаған үшін қолпаштауға арналған смайликтер.т. б. | |||
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер
СТО топтастыру, «Болжау» әдісі АКТ |
|||
Дерек көздері: | Ғаламтордан «ustaz kz» ашық сабақтар сайты, ғаламтордан алынған сурет деректер | |||
Тапсырмалар: | 1.Ой шақырту үшін берілетін тапсырма: сұрақ-жауап, 2.Тақырыпты ашу мақсатында берілетін тапсырма ( постермен жұмыс), кесте 3. Ойды қорытындылау үшін берілетін тапсырма: ашық сұрақтар | |||
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу ( 3 мин) | Сыныпты топқа бөлу.
Суреттерге байланысты топқа бөлу. байланысты топқа бөлу. |
Суреттерге
айланысты топқа бөлу. |
ІІ. Қызығушылықты ояту (7 мин) | Ойшақыру «Ой қозғау» тәсілін пайдалану.
Ұйқышылдық салдарынан адамға келетін зиян туралы топтастырып жаз .
|
|
ІІІ. Мағынаны тану (20 мин) |
Тақырыпқа кіріспе : Бүгін біз «Ұйқышыл» өлеңін оқып танысамыз
Өлеңді тізбектеп оқу, ортаға салып талдау Топтарға тапсырма Бірінші топ:мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасауға болар еді. Екінші топ:ақын өлеңде мысықбайды қандай көңіл күйде жазған? Дәлелде Сергіту сәті «Жорға»биі
|
Жаңа сабақпен танысады. Топта берілген тапсырмаларды орындайды |
ІҮ. Қорытындылау (10мин) | Кері байланыс (сұрақ-жауап). Ой толғаныс сатысы
«Ұйқыашар» атты мысал құрастыру үшін болжау жаса:
Мысал кейіпкерлерін ойлап тап. Мысал: күлкілі,аянышты көңіл кқңіл күйде жазылады.
Мақал
Ақымақ күлкіге тоймайды Жалқау ұйқыға тоймайды |
Жеке жұмыс дәптерлерінде берілген тапсырманы орындайды |
Ү. Үйге тапсырма (1мин) |
Мәнерлеп оқу |
Үй тапсырмасын білу. |
ҮІ.Бағалау (2мин) | Смайликтер арқылы қолпаштау топтa бірін-бірі бaғaлaу | Топтық бағалау |
ҮІІ.Рефлексия (2мин) | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикерлер тарату немесе өз ойларын, пікірлерін тыңдау. | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу немесе өз ойларын айту |