«Мен ғажайыппын»

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Мен ғажайыппын»

Мақсаты: Қатысушыларды бір бірімен жақын таныстыру, топта жақсы қарым-қатынас орнату.

Қатысушылар: мұғалімдер

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: ақ парақ, қима қағаздар, ватман, фломастер

Жоспар:

  1. Танысу. «Жақсы қасиетін айту».
  2. Ойын. «мылқау зообақ».
  3. Жаттығу. «Атшабар»
  4. Топтық жұмыс. «Арқаға жазу».
  5. Сергіту сәті. «Уқалау».
  6. Есте сақтауға арналған жаттығу. «Әңгіме».
  7. Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

1.Жүргізуші:

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар! Бүгінгі семинарға қош келдіңіздер. Жұмысымызды бастамас бұрын танысып алайық, әр қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы қасиетін айта кетеді.

2.Келесі жаттығуымыз «Мылқау зообақ» деп аталады.

Мақсаты: зейіндерін анықтау, ойлау қабілетін дамыту.

Жүргізілуі: Әрқайсысыңызға жануарлардың аты жазылған қағаз қиындыларын ұсынамыз. Бір-бірімізге көрсетпей, ортаға шығып, тек даусын саламыз. Дауыс арқылы өз жұптарыңызды табыңыздар. (лақ, мысық,сиыр,ит)

  1. «Атшабар» жаттығуы.

Мақсаты: қимыл қозғалыс арқылы бойындағы күйзелістен арылту.

Жүргізілуі: Барлығымыз өзімізді бәйге алаңындамыз деп сезінеміз, әрқайсысымыздың астымызда арғымақ ат бар. Енді ыңғайланып отырып, қолымызды тізеге қойып, жаймен қимыл жасай бастаймыз. Ат шапты деген кезде тізені қатты шапалақтаймыз,кедергіден өтті деген кезде «игу» деген дауыс шығарады. Камера түсіріп жатыр дегенде, қол бұлғаймыз.

  1. Топтық жұмыс «Арқаға жазу».

Мақсаты: топтың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын дамыту.

Жүргізілуі: Барлығымыз шеңбер құрып бір-біріміздің арқамызға ақ парақ қойып, алдымыздағы адамның жақсы қасиетін немесе ұнаған жерін жазамыз.

  1. Сергіту сәті. «Егістік»

Мақсаты: уқалау арқылы алдымыздағы серігімізді күйзелістен арылтамыз

Жүргізілуі: шеңбер бойына тұрып, алдыңыздағы адамның арқасын саусақтың көмегі арқылы тырмалаймыз, сосын дән егеміз, оны суарамыз, егістік өседі, қайтадан суарамыз, керек емес шөптерді жұламыз, жел соғады, жылытамыз, егістікті орамыз. Енді өнімді жинаймыз.

Қорытынды: қол қимылдарының көмегі арқылы бойдағы ауыртпалықтан арылту, сергіту.

  1. Есте сақтауға арналған жаттығу. «Әңгіме».

Жүргізілуі:Үнділер ұзын құлақ арқылы хабарлама алады. Ол хабарламада ертең олардың басқа жағалаудағы достарына жау келе жатыр делінген. Үндінің басшысы «жел аяқ» атты сарбазы арқылы хабарлама жібереді.

Хабарлама алған Апачидың басшысы өз әйелдерін, бала шағаларын және т.б. адамдарын алып, түнімен басқа жаққа қоныс аударады. Содан кейін хабарлама жіберген басшыға өткір көз атты сарбазын жіберіп, рахметін айтады. Ертесіне жаулар келіп, бұл жағалаудан ешкімді таппайды.

Қорытынды: Бүгінгі кездесуіміз аяқталды. Кездесудің аяғында қатысушылар бір-бірімен танысып, қарым-қатынастарын нығайтады. Алған әсерлерімен бөлісіп, соңында бір-біріне ізгі тілектерін жеткізеді.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!