Жүйе

Ашық жүйе  —  бұл сыртқы ортамен энергия да, жылу да алмасатын жүйе.

Гиббс ережесі — тек температура мен қысым ғана әсер ететін тепе-тең термодинамикалық жүйенің еркіндік дәрежесінің саны жүйенің тәуелсіз компоненттерінің санынан фазалар санын алып тастап, оған екіні қосқанға тең.

Жалпы термодинамика – термодинамика заңдарын зерттеп, солардың қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың қасиеттеріне қолданылуын қарастырады.

 

Жүйе дегеніміз  —  әрекеттестікте болатын және қоршаған ортадан шынайы немесе ойша бөлініп алынған жеке дене немесе денелер тобы.

Жүйе күйі – бұл осы жүйені сипаттайтын физикалық және химиялық қасиететр жиынтығы.

Жүйенің ішкі энергиясы – дененің барлық бөлшектері өзараәрекеттесуінің потенциалдық энергияларының қосындысы.

Клаузиус постулатыжылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды, яғни соның нәтижесінде температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылудың алмасу процесі жүзеге аспайды.

 

Компонент -жүйеден бөлініп, одан тыс өмір сүретін зат .

Компоненттерінің саны — кез-келген фаза құрамын өрнектейтін, затты құраушылардың ең аз саны.

Қайтымсызпроцестер – тек бір бағытта өздігінен өтетін процестер.

 

Қатты эвтетикатемпература кезінде бірмезгілде төмендейтін А және В заттарының кристалдарының қоспасы .

Оқшауланған жүйе  — сыртқы ортамен жылу да, энергия да алмаспайтын, яғни энергиясы да, көлемі де тұрақты жүйе.

Оң процестер – өздігімен жүретін процестер.

 

Тепе – теңдік процестер – оң және теріс процестердің аралығында өтетін, жүйенің тепе – теңдік күй жағдайларының үздіксіз қатары арқылы жүретін реакциялар.

Термодинамика –энергияның бір түрден басқа бір түрге айналу  заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Термодинамиканың бірінші заңы –басқаша энергияның сақталу заңы ретінде де белгілі,яғни энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, тек бір түрден екінші түрге аусып отыратындығына негізделген.

 

Термодинамиканың екінші заңы– энтропияның бар екенін растап, оның қайтымды процестерінің теңдеуіменанықталуы.

 

Термодинамиканың нөлінші заңы– басқаша жылу тепе – теңдігінің өтпелігі туралы заң.

 

Термохимия – реакцияның жылу эффектісін зерттейтін физикалық химияның саласы.

 

Теріс процестер –оң процестерге қарама – қарсы процестер.

 

Техникалық термодинамика – термодинамиканың жалпы заңдылықтары жылу мен жұмыстың өзара түрлену процестерін зерттейді.

 

Томсон постулаты – процеске қатынасатын денелердің ең салқыны жұмыс көзі болмайды.

 

Фаза —  құрамы, химиялық және физикалық қасиеттері бойынша бірдей, бір-бірінен сыртқы бетімен шектелген жүйенің гомогенді (біртекті) бөліктерінің жиынтығы.

Фазалық тепе-теңдік — бірнеше фазадан тұратын жүйедегі тепе-теңдік.

Физикалық химия – химиялық құбылыстарды біріктіруші және физиканың жалпы қағидалары негізінде олардың заңдылықтарын анықтайтын ғылым.

 

Химиялық термодинамика – әр түрлі химиялық заттардың немесе бір заттың әр түрлі фазаларының тепе – теңдікте болу жағдайларын зерттейді.