Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орыс сыныптарында    қазақ тілі сабағын жүргізудегі әдіс-тәсілдер.

Алматы облысы Жамбыл ауданы  Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2гимназиясының орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаманғараева Айгүл Базарбаевна.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орыс сыныптарында    қазақ тілі сабағын жүргізудегі әдіс-тәсілдер.

Биылғы жылы білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасы мектеп бағдарламасына енгізілді. Жаңартылған бағдарламамен  жүргізілетін сабақ қандай сабақ? — деген сұрақ бәрімізді толғандырады. Дегенмен де ұлтымыздың  ұлы ұстазы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ірі ғалым, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері  Ахмет Байтұрсынов бабамыз:  «Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!» — деген екен. Сол кетпес байлықты оқушылар мектептен іздеп келеді. Біздер, мұғалімдер сол балаларға өшпес жарық сыйлаймыз.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында Еліміздің жаңа кезеңге аяқ басқанын және де Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғаны туралы жариялаған болатын.

Осы мақаладағы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытында Ұлттық жаңғыру дегеннің өзі сонау  ерте замандардағы ұлттық сананың кемелденуі дегенді білдіреді екен. Ендеше ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынов сол кездің өзінде-ақ  «Бала білімді тәрбие арқылы өздігінен алуы керек, Мұғалімнің қызметі оның білімінің, әдісті шебер қолдануының орны.» — деген екен.

Қазіргі білімнің салтанат құрған кезінде біз болашақ иелерін сол қазақ халқынан шыққан ғұлама даналарымыздың үлгі өнегелерімен рухани мәдениетімізді көтеруіміз керек деп ойлаймын. Бүгінгі білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескертіліп жасалып отыр.

Жаңартылған бағдарлама бойынша өзім қолданып жүрген бірнеше әдістер оқушыларды проблемаларды шешуге және шешімдер қабылдай білуге, оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы. Мәселен, комуникативті әдіс- тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын құрудағы негізгі бағдар болып табылады. Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. АКТ оқушы білімінің , оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі. Күнделікті білім бері үрдісі оқу мақсаттарына жетуге және алынған білімдері мен дағдыларын кез келген оқу, өмір жағдайында пайдалануға дайындығын қалыптастырады. Оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың бойына  адами құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Олар қазақстандық отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ынтымақтастық, ашықтық, өмірге бейімділікке тәрбиеленеді. Ең бастысы, оқушылар интербелсенді оқыту әрекеті арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады. Өйткені оқушы санасында  бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істері қалады. Қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» — осы пікір жаңартылған  әдіс-тәсілдердің оқушылардың  өздері жасай отырып есте сақтап, үйренеді дегенге сәйкес келеді.

«Интервью» әдісі арқылы оқушылар арасынан бір оқушы  журналист болып, кез келген  тақырып бойынша бір-біріне түрлі сұрақтар қойып, сұхбаттасады. Белсенділік  танытқан оқушыларды  қалыптастырушы бағалау сөздермен қанаттандырып отыру, олардың қызығушылығын, сабақта белсенділігін арттырады.

«Ойлан! Жұптас! Бірік!», әдісі оқушылар интернет желісінен алынған бейне көріністерді көріп, тыңдайды, көрініс орта тұсынан тоқтатылып, оқушыларға оқиғаны қалай жалғастырар едіңіздер?- деген сауал қойылады. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. Бұл «Стоп кадр!» әдісінің қолданылуы. Дәл осы көрініске байланысты тағы да басқа әдіс-тәсілді қолдануға болады. Ол үшін оқушылар бейнекөріністі соңына дейін тыңдап, «Креотивті матрица» әдісін орындайды. Мұнда оушылар  тор көздердегі берілген сөздерден тыңдаған бейнекөрініске байланысты сөйлемдер құрастырады, артық сөзді анықтайды.

Оқушыларға осы бейнекөріністі көріп, тыңдағаннан кейін түрлі   тапсырма беруге мүмкіндік бар, оның тағы бірі  «Сұрақ- сандық» әдісі. Оқушылар  бейне көріністі аяғына дейін көріп болып,  екі топ бір-біріне көрініс мазмұны бойынша жазған сұрақ-сандықтарымен  алмасып  жауап беру арқылы орындалған тапсырма да олардың ой-өрістерін, қазақ тілінде сөйлеу тілдерін жетілдіреді.

Сабақтағы кері байланысты «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізуге болады. Оқушылар бүгінгі сабақта нені білгені, қандай жетістіктерге қол жеткізгені, қай тапсырмадан  қиналғаны, сабақтағы көңіл-күйінің қандай болғаны, сабақтың ұнаған-ұнамағаны туралы айтады.

Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер сан алуан. Олардың барлығы да оқушыларға пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдей білуге,шешімдер қабылдап,қиын мәселелерді шеше білуге,терең ойлана білуге, өз идеяларымен әрекеттерін талдап, оларға баға беруге үйретеді.